"Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-6-89 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірінде жарияланған; бұрын аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № 108 "Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" № 45 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-6-98 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" газетінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 30 санында жарияланған" қаулысымен толықтырулар енгізілетін болған), қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған қаулының қосымшасындағы 15 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.