2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1982-1991 жылы туылған азаматтарды Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1982-1991 жылы туылған азаматтарды Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру туралы «Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі N 74 Заңы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылғы 01 сәуірдегі N 779 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1982-1991 жылы туылған азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыру пункті және шақыру комиссиясының құрамы Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі базасында ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Кент, село әкімдері және ұйымдардың басшылары көрсетілген азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруға байланысты тиісті міндеттерін орындау үшін азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың тиісті құжаттарымен шақыру пунктіне белгіленген мерзімде автокөлікпен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық ауруханасының бас дәрігері Б.Төлешовке (келісім бойынша), аудандық емханасының бас дәрігері Ж.Шолановаға (келісім бойынша) 1982-1991 жылдар арылығында туылған әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізуде тәжірибелі маман дәрігерлерді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруде аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Нсанбаевқа (келісім бойынша) қажетті сандағы қызметкерлер бөлуді қамтамасыз ету жүктелсін.
Тармақ 5
5. Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына /Д.Қонқаев/ 2009 жылғы желтоқсан айының 30-на дейін аудан әкімдігі қаулысының орындалысы туралы жазбаша ақпарат беру жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуова_______ «6» 04.2009 ж. (қолы) Аппарат басшысы С.Мұқанов_______ «6» 04.2009 ж. (қолы) Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекшісі С.Молжігітов_______ «6» 04.2009 ж. (қолы) Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Нсанбаев________ «6» 04.2009 ж. (қолы) Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Төлешов________ «6» 04.2009 ж. (қолы) Аудандық емхананың бас дәрігері Ж.Шоланова_______ «6» 04.2009 ж. (қолы) Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Д.Қонқаев________ «6» 04.2009 ж. (қолы)