О проведении призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года граждан, родившихся в 1982-1991 годах Қолданыста
Басқа 0
1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 қаңтардағы "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңдарына және 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, азаматтарды жыл сайынғы жедел әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды өткізуге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссиясы құрылсын және оның жеке құрамы (N 1 қосымша) мен қосымша құрамы бекітілсін (N 4 қосымша).
Тармақ 2
2. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруын қалалық шақыру комиссиясы өткізсін.
Тармақ 3
3. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы бойынша шақыру учаскесі құрылсын - "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ мекен жайы: Сәтбаев қаласы Гурба көшесі 102 үй (әрі қарай шақыру учаскесі).
Тармақ 4
4. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның жеке құрамы бекітілсін (әрі қарай шақыру жөніндегі медициналық комиссия), (N 2 қосымша).
Тармақ 5
5. "Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі" ММ-не (Е.Х. Сәкеев), "Жалпы әскери міндеттілік шаралары аясындағы" бағдарламаға сәйкес, жергілікті бюджет қаражатынан азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу үшін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (N 3 қосымша).
Тармақ 7
7. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысына (К.Қ. Қабыкенов – келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы уақытында дәрігерлік комиссия мүшелерінің негізгі жұмыс орындары мен орта жалақыларының сақталуын, шақыру учаскесін дәрі-дәрмекпен және қажетті дәрігерлік құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. "Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі" ММ (С.Б. Жаппаров – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, өзара әрекеттесу іс-шаралы ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) әскери міндеттілікті орындаудан бас тартқандарды іздестіру мен ұстауды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Т.Ғ. Қапарова) шақыруды өткізу кезеңінде, шақыру комиссиясы қарамағына қажетті техникалық қызметкерлерді жолдасын.
Тармақ 10
10. Меншік нысанына қарамастан, өнеркәсіптер, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына, шақыру учаскесіне келуге тиісті азаматтарды жұмыстан (оқудан) босатып, шақыру комиссияна дер кезінде келулерін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 12
12. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
"Келісілген"
2009 ж. 03.06
"Келісілген"
2009 ж. 03.06
"Келісілген"
2009 ж. 03.06
Басқа 15
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 09 маусымдағы
N 13/08 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша
Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру
жөніндегі қалалық комиссиясының
құрамы
Грудей Александр Дмитриевич- "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ бастығы, комиссияның төрағасы, (келісімі бойынша);
Мұханбеталина Сара Тлегенқызы - "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Десятова Валентина Алексеевна - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы" МКҚК медбибісі, комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері:
Мергенбаев Төлеген Мергенбаевич - "Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі"ММ бастығының орынбасары, (келісімі бойынша);
Маймақова Кәуя - "Маймақова К.К." жеке кәсіпорнының Кәкімқызы жүйке ауруларының дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы
Басқа 16
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 09 маусымдағы
N 13/08 қаулысымен
бекітілген N 2 қосымша
Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның құрамы:
Маймақова Кәуя Кәкімқызы - "Маймақова К.К." жеке кәсіпорнының жүйке аурулары дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы;
Даулетова Бибинор Татимбекқызы - Сәтбаев қаласының "Стоматология" өндірістік кооперативінің тіс дәрігері;
Баспаева Нұрсұлу Ырзақметқызы - "Сәтбаев қаласының N 6 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының" дәрігер-терапевті;
Балтабекова Масура Мұқашқызы - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының көз дәрігері;
Бұланбаева Гүлбану Дәнекейқызы - "Сәтбаев қаласының жүйке аурулары диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының жүйке аурулар дәрігері;
Жунусова Гульзада Каримқызы - "Жезқазған қаласының тері және жұқпалы аурулары диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының дәрігері;
Демекбаева Ақкүміс Малқаждарқызы - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының құлақ, мұрын және тамақ ауруларының дәрігері;
Сүлейменова Ақмарал Өмірбекқызы - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының дәрігер–оташысы;
Әльменбетова Рая - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының, медбибісі;
Бүстікбаева Күләш Қалиқызы- "Сәтбаев қаласының поликлиникасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының, медбибісі;
Бектауова Әсем Сарсенбайқызы- "Сәтбаев қаласының N 1 ОҚА" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының, медбике-терапевті.
Басқа 17
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 09 маусымдағы
N 13/08 қаулысымен бекітілген
N 3 қосымша
2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
Шақыруды өткізу орны
Комиссияның жұмыс уақыты (уақыт 9.00 ден 18.00-ге дейін)
сәуір
мамыр
маусым
Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30
4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29
1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30
қазан
қараша
желтоқсан
1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28, 29, 30
2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 23, 24, 25, 26, 27, 30
1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31
Басқа 18
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 09 маусымдағы
N 13/08 қаулысымен бекітілген
N 4 қосымша
Жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссияның қосымша құрамы
Супонин Владимир Иванович - "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ бастығының орынбасары, комиссия төрағасы;
Бушманова Ботагөз Әбілқасымқызы- "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Жакупова Күлзия Сатыбалдықызы- "Сәтбаев қаласының поликлиникасы" МКҚК медбикесі комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері:
Оразбаев Ерлан Қалиұлы- "Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі" ММ бастығының орынбасары;
Сүлейменова Ақмарал Өмірбекқызы- "Сәтбаев қаласының поликлиникасы" МКҚК дәрігер–оташысы.