Құжат мәтініне өту

Шақыру учаскесіне 2009 оқу жылында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Өзге акт · № 6 · қабылданған 25.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.10.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2009-1992-ekb-43171/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Шақыру учаскесіне 2009 оқу жылында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 ·25.12.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Шақыру учаскесіне 2009 оқу жылында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

ҚАЗШақыру учаскесіне 2009 оқу жылында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 · қабылданған 25.12.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Шақыру учаскесіне 2009 оқу жылында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы
Атауы (қаз.)
Шақыру учаскесіне 2009 оқу жылында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
25.12.2008
Көрсетілген редакция
16.10.2012 · қолданыстағы AI43171_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
16.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08CL000075
ЭКБ идентификаторы
43171
Редакция идентификаторы
AI43171_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:12

0 Шақыру учаскесіне 2009 оқу жылында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 23 қантардағы 2001 жылғы N 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабы 3 тармағына және 2005 жылғы 08 шілдедегі N 74 "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, аудан әкімі шешім етті:

1 1. Аудан аумағында тұрақты және уақытша тұратын 1992 жылы туған азаматтарды Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2009 жылдың 12 қантарынан 31 наурызына дейінгі мерзімде тіркеу жүргізілсін.

2 2. "Аудандық орталық аурухана" МКҚК бас дәрігері Қ.Е.Қозбағаров:

1 1) тіркеу жөніндегі дәрігерлік комиссияның жұмыс мерзіміне 2009 жылдың 12 қантарынан 30 қантарына дейін дәрігер – мамандар мен орта буын медициналық мамандарды жіберсін (N 1 қосымша);

2 2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 04 наурыздағы N 100 бұйрығымен қаралған медициналық аспаптармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін;

3 3) тіркеу мерзімінде анықталған, емделулері қажет шақырылушылар ауданның емдеу мекемелеріне бекітсін және шақырылушыларды сауықтыру жұмысының барысына бақылауды жүзеге асырсын.

3 3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы Е.Ә.Әубәкіров, тіркеу комиссиясының жұмысы қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлуді қамтамасыз етсін. (N 2 қосымша).

4 4. "Аудандық қаржы бөлімі" ММ бастығы Нұрлыбаев Т.О., іс шараларды өткізу үшін қарастырылған қаржыны бөлуді мерзімінде жүзеге асырсын.

5 5. Селолық округттер әкімдері, шақырылуға дейінгі шақырылушылардың әрі қарай Хромтау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жүз пайыз жіберілуін және оларды жеке шақыру қағазында көрсетілген қажет құжаттармен қамтамасыз етсін.

6 6. Хромтау аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Б.К. Ильясов:

1 1) 2008 жылдың желтоқсан айында ауданның селолық округтері әкімдерімен 2009 жылы жасөспірімдердің сапалы және уақытында тіркелу мәселесі жөнінде біркүндік түсіндіру жұмысын жүргізсін;

2 2) тіркеу кезінде Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы әскери оқу орындарына оқуға түсіру үшін әскер қатарына шақыруға дейінгі және әскер қатарына шақырушылар арасынан үміткерлерді іріктеу бойынша үгіт – тәрбие жұмыстарын жүргізсін.

7

7. Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.Р.Тоқабаев, Хромтау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде, тіркеу жөніндегі комиссияның 2009 жылдың 12 қантарынан 30 қантарына дейінгі мерзімінің жұмыс күндерінде сағат 9.00 ден 17.00-ге дейін қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полициядан 1 адам бөлсін.

8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б.Ельдесовке жүктелсін.

9 Тіркеуге алу жөніндегі аудандық дәрігерлік комиссияның құрамы.

9. Аталмыш шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі                           Б.Каниев
Аудан әкімінің
25 желтоқсандағы 2008 жылғы
N 6 шешіміне
N 1 қосымша
Тіркеуге алу жөніндегі аудандық дәрігерлік комиссияның құрамы.
Невропатолог            Бегимбаев К.С.
Отолоринголог              Әліпов С.А.
Стоматолог                   Ткач Л.В.
Хирург                   Жанбурин Ж.И.
Дерматовенеролог         Нуримова К.М.
Терапевт                Кайрашева К.С.
Рентгенолог              Дөскеева З.А.
Мед.бике                  Егізбаева У.
Мед.бике                    Ибраева С.
Мед.бике                 Диханбаева У.
Мед.бике                Наурызбаева А.
Мед.бике                   Жолтаева А.
Мед.бике                   Стебнева С.
Мед.бике                 Аппакова Г.К.
Мед.бике                 Дильманова Б.
Мед.бике              Наурызгалиева Л.
Мед.бике                 Умурзакова Г.
Аудан әкімінің
25 желтоқсандағы 2008 жылғы
N 6 шешіміне
N 2 қосымша
Тіркеу комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-ден бөлінетін техникалық жұмысшылардың құрамы.
Р/с
Тех­ни­ка­лы­қ­жұ­мыс
шы­лар
дың
са­ны
Қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Олар қан­дай мер­зім­ге бө­лі­не­ді
1
4
Анық жа­за­тын ор­та бі­лім­ді әй­ел адам­дар
25.12.2008 ж.
30.03.2009 ж. дей­ін
2
1
Әс­ке­ри мін­де­тін ат­қар­ған, жа­сы 25-тен жо­ға­ры, әс­ке­ри мін­дет­ті­лер қа­та­рын­да­ғы ер адам­дар
25.12.2008 ж.
30.03.2009 ж.дей­ін