2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Ж. Қарағуловқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қаратау қаласының және ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Талас ауданы әкімиятының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының "Талас орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері М.К. Серімовке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Талас аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.А. Бүркітбаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.