2009 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1992 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1992 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1992 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтары шақыру учаскелеріне тіркеуге алынсын.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақ 3
3. "Панфилов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Сарпеков Төлеу Құмарбекұлына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақша 2
2) алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақша 3
3) Тізімге алынғанға дейін 1992 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглобинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;
Тармақша 4
4) 2009 жылдың 5 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысанындағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 ІV қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер кабинетінде есепте тұрғандардың тізімін берсін;
Тармақша 5
5) алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақша 6
6) Шақырушылар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары тізімге алу кезінен басталсын, хирургиялық және тонзилоэктомиялық қажеттілік жағдайында 2009 жылдың мамыр айында аяқталсын.
Тармақ 4
4. Алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақ 5
5. Аудандық білім бөлімінің бастығы Жазылбекова Бағира Нұрсадыққызына:
Тармақша 1
1) Тізімдеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Дайындық деңгейі мейлінше дамыған жастар арасынан жоғары әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу жұмысын жүргізсін;
Тармақша 3
3) алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алибаев Нұржан Ермекұлына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Тізімге алу алдында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бас еркінен айырылған және тіркеудегі, нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін;
Тармақ 7
7. Алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақ 8
8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Мұқанов Мақсат Жақияұлы атқарылған жұмыстар туралы 2009 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама берсін.
Тармақ 9
9. Панфилов ауданы әкімінің 2008 жылғы 28 қаңтарындағы "2008 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1991 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу туралы" N 01-01 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2008 жылғы 03 наурызда N 2-16-58 болып тіркелген, 2008 жылы 07 маусымда "Жаркент өңірі" газетінің N 23 нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.