"2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешімін іске асыру туралы Қолданыста
Басқа 0
"2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабының 2-тармағын 82-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-96) сәйкес және халықтың ең осал жіктерін әлеуметтік қорғау мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде;
Тармақша 2
2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде;
Тармақша 3
3) қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, үш жәрежелі Славы, "Алтын Қыран", "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаhарманы" атағына ие болған, Қазақстан Республикасының немесе Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының құрметті атақтарына, Меңдіқара ауданының құрметті азаматтары атақтарына ие болған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі-қайтыс болған наградталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде;
Тармақша 4
4) амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;
Тармақша 5
5) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, ай сайын оқу кезінде айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде;
Тармақша 6
6) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта зерттеумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек есептік құжатар негізінде зерттеу құнынан жүз пайыз көлемінде;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждарына әлеуметтік көмек ай сайын 1500 теңге көлемінде, жүрісін төлеу үшін ай сайын 1500 теңге көлемінде, электр энергия мен газға шығындарды өтеу бойынша ай сайын 1000 теңге көлемінде және қатты отынды сатып алуға біржолғы 39000 теңге көлемінде;
Тармақша 8
8) аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне 234 теңге сомасында және құжаттама үшін фотосуретке 300 теңге сомасында;
Тармақша 9
9) жеке қосалқы шаруашылығын (ауыл шаруашылығы малына 2 бастан артық емес санымен, құсты 30 данадан артық емес санымен және жем-шөпті) сатып алумен байланысты шығындарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмек, оның нақты құны көлемінде, бірақ құсты сатып алуға-тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті есе көлемінен артық емес және ауыл шаруашылығы малы мен жем-шөбін сатып алуға-тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінен артық емес;
Тармақша 10
10) халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктері санынан жастарға олардың жоғары медициналық немесе педагогикалық білім алуымен байланысты шығыстарын өтеу үшін, тек қана мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, жоғары кәсіптік білім алу үшін мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен өзге де төлемдер түрлерін алушылар болып табылатын тұлғалардан басқа, жоғары немесе орта арнаулы оқу орнымен шартта көзделген сомасы көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) мұқтаж отбасыларға және жекелеген азаматтарға, сондай-ақ комиссияның шешімі бойынша мерекелі және мерейтой күндеріне (Жеңіс күні, Қарттар күні, Мүгедектер күні, Балаларды қорғау күні, Халықаралық әйелдер күні және тағы басқалар) азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек. Біржолғы әлеуметтік көмектің көлемін және азаматтардың санаттарын әр нақты жағдайда комиссия шешеді;
Тармақша 12
12) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға қатты отынды сатып алуға шығындарды өтеу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек біржолғы 20000 теңге көлемінде;
Тармақша 13
13) оңалту орталығына мүгедектердің жүрісін төлеу жөніндегі әлеуметтік көмек.
Тармақша 14
14) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияның (бұдан әрі-комиссия) шешімін ескере отырып, ауданның еңбек рыногында талап етілетін кәсіптерге оқитын жастарға жоғары немесе орта арнаулы оқу орнымен шартта көзделген сомасы көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 15
15) техникалық пен кәсіптік, орта білімнен кейінгі мен жоғары білім алушы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек–балаларға шартта көзделген сомасы көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 16
16) республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткерлерге, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкерлеріне 30 000 теңге көлемінде, біржолғы, әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Белгіленсін:
Тармақша 1
1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды, қайтыс болған жұмыссыздарды және қайтыс болған наградталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек, егер өтініш қайтқан күнінен алты айдан кешіктірілмей жасалса жерлеуді жүзеге асырған қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне, немесе басқа тұлғаларға төленеді;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек еңбекке жарамды әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе, ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкіліне тағайындалады;
Тармақша 3
3) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтіне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе тағайындалады;
Тармақша 4
4) амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтардың біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекке құқығы бар, кәмелетке толмаған ауырған жағдайда ата-анасының, ұл (қыз) асырап алушының, қорғаншының, қамқоршының біреуі құқыққа ие;
Тармақша 5
5) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек- балаларға әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Әлеуметтік көмекті төлеу мүгедек балалар үй-интернаттарда немесе санаторлық мектептерде тұрған кезінде жүргізілмейді;
Тармақша 6
6) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта зерттеумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек отбасы кірісінен тәуелсіз мүгедек баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне тағайындалады және төленеді;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждары мен жүрісіне ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айынан бастап тағайындалады және өтініш беруші қайтыс болғанына немесе аудан аумағынан тысқары кеткенге байланысты тоқтатылады. Көрсетілген жағдайлар болғанда келесі айдан бастап төлемдер тоқтатылады;
Тармақша 8
8) жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығына жем-шөпті сатып алумен байланысты шығындарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмек біржолғы, жылына бір рет және жан басына шаққандағы орташа табыс белгіленген кедейлік сызығынан аспаса отбасы мүшесінің біреуіне ғана көрсетіледі;
Тармақша 9
9) мұқтаж отбасыларға және жекелеген азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек отбасының материалдық жағдайын зерделегеннен кейін көрсетіледі. Кірістері туралы мәліметтерді өтініш беруші өзі хабарлайды және олардың нақтылығына жауапкершілікті алады. Заңды тұлғалар жеке тұлғалар мүдделерінде әлеуметтік көмек көрсету туралы қолдаухатпен өтініш жасайды;
Тармақша 10
10) әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек", "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 34
Әкімдіктің
2009 жылғы 12 қаңтардағы
№ 26 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек
Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті алуға растаушы құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан әкесінің (ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
Тармақша 4
4) ата-анасының, ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
осыдан басқа:
ұл (қыз) асырап алушылар баланы ұл (қыз) асырап алу туралы шешімді тапсырады;
қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншы (қамқоршы) куәлігін немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға қорғаншы (қамқоршы) қылып тағайындау туралы шешімін тапсырады;
Тармақша 5
5) қайтыс болған баланың анасының тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тармақ 2
2. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек
Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті алуға құқықты растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама;
Тармақша 3
3) қайтыс болған жұмыссыздың тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
осыдан басқа:
егер жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынас фактісін растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады;
егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен емес жүзеге асырылса, өтініш беруші салт қызметінен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолық округі әкімі аппаратынан анықтаманы тапсырады.
Тармақ 3
3. Қайтыс болған наградталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек
Қайтыс болған наградталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті алуға құқықты растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, үш жәрежелі Славы орденімен наградталған қайтыс болған тұлғаға-наградаға куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) "Алтын Қыран", "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған қайтыс болған тұлғаға-наградтауды растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) "Халық қаhарманы" атағына ие болған қайтыс болған тұлғаларға-атақты алуын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының немесе Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының құрметті атақтарына ие болған қайтыс болған тұлғаларға-құрметті атақты беруді растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) Меңдіқара ауданының қайтыс болған еңбек сіңірген (құрметті) азаматтарына- атақты беруді растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 7
7) туыстық қарым-қатынасты растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 8
8) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі, егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, салт қызметінен құжаттың көшірмесі немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолық округі әкімі аппаратынан анықтаманы тапсырады.
Тармақ 4
4. Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек
Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекті алуға құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетуге аудандық туберкулезге қарсы аурухананың қолдаухаты. Қолдаухатта құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбалы мөрмен куәландыруы қажет;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тармақ 5
5. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек
Тармақ 1
1. Өтініш беруші алғашқы рет өтініш жасағанда мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (16-жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін), тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін (16-жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін);
Тармақша 2
2) мүгедек баланың тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі немесе тұрғылықты жерінен анықтаманы;
Тармақша 3
3) білім басқармасының жанындағы облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген үйде мүгедек- баланы тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы анықтаманың көшірмесін;
Тармақша 4
4) мүгедек-баланың ата-анасының, ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының (қамқоршысының), өзге де заңды өкілінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 5
5) ұл (қыз) асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі барын растайтын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 6
6) медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы анықтамасының көшірмесін;
Тармақша 7
7) мектеп директоры қол қойған және мөрімен куәландырылған үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту фактісін растайтын анықтаманы.
Тармақ 2
2. Тиісті оқу жылы бойына келесі өтініштерде өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) тұрғылықты жерінен отбасының құрамы туралы анықтаманы;
Тармақша 2
2) мектеп директоры қол қойған және мөрімен куәландырылған үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту фактісін растайтын анықтаманы.
Тармақ 6
6. Мүгедек-балаларды компьютерлік томографта зерттеумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек
Мүгедек-балаларды компьютерлік томографта зерттеумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмекті алуға растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) мүгедек-баланы компьютерлік томографта зерттеуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) баланы мүгедек деп тану туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 4
4) мүгедек-баланың ата-анасының, ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының (қамқоршысының), өзге де заңды өкілінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін-тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
шетелдіктер үшін- Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхатының көшірмесі;
оралмандар мен қашқындар үшін-оралман немесе қашқын деп тану туралы куәліктің көшірмесі;
ұл (қыз) асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) көрсетілген мәртебенін бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады, ұл (қыз) асырап алушылар мүгедек-баланы ұл (қыз) асырап алу туралы соттың шешімін тапсырады, қорғаншылар (қамқоршылар) - қорғаншының (қамқоршының) куәлігін немесе мүгедек-баланың қорғаншысы (қамқоршысы) тағайындау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімі;
Тармақша 5
5) тексеруге қолма-қол есеп туралы куәландыратын кассалық чек (кассалық чекте көрсетілген сома шартта көрсетілген сомаға ұқсас болу керек);
Тармақша 6
6) тексеру өткізілген ұйымның директоры мен бас бухгалтері қол қойған тексерумен байланысты шығыстарды өтеуді төлеу үшін шот (директордың қолы мөрмен куәландыруы керек, шотта компьютерлік томографта тексерілген баланың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі).
Тармақ 7
7. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына әлеуметтік көмек
Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы мүгедегінің немесе қатысушының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесін немесе тұрғылықты жерден анықтаманы.
Тармақ 8
8. Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығыстарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмек
Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығыстарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмекті алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алумен байланысты аз қамтылған азаматтардың шығыстарын өтеу бойынша қаражатты бөлу туралы селолық округі әкімінің қолдаухаты;
Тармақша 3
3) сауда-саттық шарты, оның ішінде жеке тұлғалармен нотариалды немесе селолық округтер әкімдерімен куәландырылған;
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуын растайтын құжат (шот, жөнелтпе құжат, қолхат);
Тармақша 5
5) жем-шөп сатып алатын тұлғаларға-малдың немесе құстың барын растайтын селолық округі әкімінің анықтамасы.
Тармақ 9
9. Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуды төлеу үшін әлеуметтік көмек
Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 2
2) аз қамтылған азаматтар үшін-отбасы мүшелерінің табысын барын немесе жоғын растайтын құжаттарды;
Тармақша 3
3) оқу орнынан анықтаманы;
Тармақша 4
4) жоғары немесе орта-арнаулы кәсіптік біліммен маманды даярлау туралы оқу орнымен шартты және берілетін жеңілдіктер туралы оқу орнының бұйрығын.
Тармақ 10
10. Мұқтаж отбасыларға және жекелеген азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек
Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) Боровской селосы немесе селолық округі әкімінің жанындағы учаскелік комиссиясы қол қойған өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін;
Тармақша 2
2) оралмандар-оралманның тұлғасын және мәртебесін куәландыратын құжаттарды, Боровской селосы немесе селолық округі әкімінің қолдаухатын;
Тармақша 3
3) ауру жағдайында- емдеу мекемелерінің қолдаухаты мен анықтамаларын.
Біржолғы әлеуметтік көмек аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, аудандық мүгедектер қоғамының, "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолдаухаттары негізінде әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссиямен тағайындалады.
Тармақ 11
11. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек
Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедегіне немесе қатысушына теңестірілген тұлғаның мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының мүгедегіне немесе қатысушына теңестірілген тұлғаның тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесін немесе тұрғылықты жерден анықтаманы.
Тармақ 12
12. Республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткерлерге, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкерлеріне әлеуметтік көмек
Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) жеке куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткердің, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкерінің тұлға мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкері тұлғасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.