"2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Байзақ ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Байзақ ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 313 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Байзақ ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6-2-93 болып тіркелген және 2009 жылдың 8 шілдесінде № 59 (7578) "Ауыл жаңалығы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2 тармақта: аудандық комиссияның құрамына: Сансызбаев Ержан Айдынғалиұлы – "Байзақ ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары енгізілсін; комиссия құрамынан Дәнебаева Қарлыға Қыдырәліқызы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.