"2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-100; 2009 жылдың 20 сәуірде) Қолданыста
Басқа 0
"2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 47 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-100; 2009 жылдың 20 сәуірде)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13, 14-тармақшаларына, Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес және жұмыспен қамту саласындағы қосымша мемлекеттік кепілмен қамтамасыздандыру және аудандағы нарық жағдайы есебімен жұмыспен қамту саясатының өткізілуі мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 47 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2009 жылғы 20 сәуірдің N 13-13-100 тіркелген) төменгі нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі енгізілсін:
Тармақша 1
1) 24 жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 2
2) 50 жастан кейінгі жұмыс істемейтін тұлғалар;
Тармақша 3
3) 1 жылдан астам жұмыс істемейтін тұлғалар;
Тармақша 4
4) мекемелердің штаттарының немесе оның санының қысқартылуына орай босатылатын тұлғалар;
Тармақ 2
2. Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне уақытында мақсатты топтарға жататын қосымша тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша көмек көрсету шарасымен қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.