Қала әкімдігінің "Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 21 мамыр № 853 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала әкімдігінің "Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 21 мамыр № 853 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс - қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» және Облыс әкімдігінің 2009 жылы 16 наурыздағы № 746 - 1 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулыларын іске асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2009 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-96 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 4 (1391) 2009 жылы 28 қаңтарында жарияланған), 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 690 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2009 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-105 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 20 (1407) 2009 жылы 20 мамырында жарияланған), 2009 жылғы 21 мамырдағы № 853 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-110 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 23 (1410) 2009 жылы 10 маусымында жарияланған), қала әкімдігінің «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2009 жылғы 3 шілде № 1120 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-113 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 32 (1419) 2009 жылы 12 тамызда жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.