Түпқараған ауданы әкімдігінің "2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы" 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түпқараған ауданы әкімдігінің "2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы" 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің «2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы» (Аудандық әділет басқармасында 05.03.2009 жылы № 11-6-87 болып тіркелген, «Ақкетік арайы» газетінің 25.03.2009 жылғы № 16-17 сандарында ресми жарияланған) 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 19 қаулысына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: аталған қаулының қосымшасындағы нысаналы топтар тізбесінің он үшінші бағаны «Жұмыс орнынан қысқарғандар», ал он төртінші бағаны «Оқу орнын бітірушілер» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: О.Б.Жарылғапова Г.Н.Демеуова С.Қ.Қани Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы 06 мамыр 2009 жыл Д.С.Шүкірбаева Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы 06 мамыр 2009 жыл