"2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-74 болып тіркелген, 2009 жылдың 14 наурызында № 25 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Аталған қаулының: 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмері 21 жолымен толықтырылсын: «21. «Талас ауданы әкімиятының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі»; 2-қосымшадағы: «65» деген сандар «146» деген сандармен ауыстырылсын; «5» деген сандар «8» деген сандармен ауыстырылсын; «3» деген сандар «19» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.