"2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 1 бабын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабының 1 тармағына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі» негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-74 болып тіркелген, 2009 жылдың 14 наурызында «Талас тынысы» газетінде жарияланған; «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 182 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-79 болып тіркелген, 2009 жылдың 3 маусымында № 51 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі өзгеріс енгізілсін: 4 тармақтағы: «13470» деген cандар «13717» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С. Дадабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.