"2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабының 1 тармағы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-10-74 болып тіркелген, 2009 жылдың 14 наурызында «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: Аталған қаулының екінші қосымшасындағы «146» деген cандар «92» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.