Об утверждении Правил выполнения гарантий государства получателям пенсионных выплат по сохранности обязательных пенсионных взносов в накопительных пенсионных фондах в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции на момент приобретения получателем права на пенсионные выплаты на 2009 - 2011 годы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесін бекіту туралы "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 726 қаулысымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы 2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабын және "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 9-бабын іске асыру мақсатында әзірленді. Ереже зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу жолымен орындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің өз құзыреті шегінде алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы тағайындауды жүзеге асыратын аумақтық органдары; уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкіметі функцияларды Заңда көзделген шарттармен жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлға; айырма төлемі - алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде белгіленген, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем; айырма төлемін алушы - міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға; жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - Қор) - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті: Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған күні; Заңның 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі белгіленген күні; Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалған күні; Заңның 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - кету ниетін немесе фактісін дәлелдейтін құжатты ресімдеу күні басталады. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорынан айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты алу үшін Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне өтініш береді. Орталықтың құрылымдық бөлімшесі екі күн мерзімде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге оған инфляция деңгейін ескере отырып, Қорға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 4
4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алу үшін өзі салымшы болып табылатын Қорға өтініш береді. Қор екі күн мерзімде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнгі зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты ұсынады.
Тарау 2. 2. Айырма төлеміне өтініш беру тәртібі
2. Айырма төлеміне өтініш беру тәртібі
Тармақ 5
5. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға айырма төлемін алу үшін тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 6
6. Өтінішке айырма төлемін алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, шетел азаматының тұру куәлігінің) көшірмелері;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
Тармақша 4
4) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы не село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);
Тармақша 5
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) куәлігінің көшірмесі. Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы мен өзге де төлемдерді алушы өтініш берген жағдайда, өтінішке осы Ереженің 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген нысандар бойынша ақпарат қана қоса беріледі, олар Орталықтан берілетін зейнетақы немесе өзге де төлемдер бойынша іс-қағаздар макеттеріне жинақталады.
Тармақ 7
7. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін өтініш пен қажетті құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары береді.
Тармақ 8
8. Айырма төлемі туралы өтінішті почта байланысы арқылы берген кезде айырма төлемін алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ оның қойылған қолы нотариалды куәландырылады. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын жағдайда құжаттарды нотариалды куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Айырма төлемін тағайындау туралы өтінішті сенім білдірген өкіл берген кезде ол осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:
Тармақша 1
1) сенім білдірген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін оның түпнұсқасын;
Тармақша 2
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі уәкілеттігі қамтылса) ұсынады.
Тарау 3. 3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі
3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 10
10. Орталық айырма төлемі туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде барлық қорларға осы адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 11
11. Қорлар сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметті Орталыққа электронды форматта ұсынады. Егер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адам Қордың салымшысы болып табылмаған жағдайда, онда осы Ережеге 2-қосымшаның 5-бағанында "болып табылмайды" деп көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Орталық бір жұмыс күні ішінде қорлардан алынған зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәліметтерді, инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді. Егер алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан темен болған жағдайда, Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін жүргізеді.
Тармақ 13
13. Айырма төлемі сомасының есебін жүзеге асырғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс-қағаздар макеті, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.
Тармақ 14
14. электронды (қағаздағы) іс-қағаздар макеті келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган айырманы төлеуді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Егер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болған жағдайда мемлекеттік орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Тармақ 15
15. Шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде мемлекеттік орган айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс-қағаздар макеті мен айырма төлемін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Орталықтың құрылымдық бөлімшесі айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс-қағаздар макетін алған күннен бастап үш күн ішінде өтініш берушіні айырма төлемін тағайындаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды мемлекеттік органның тағайындаудан бас тарту себептері туралы хатымен бірге өтініш берушіге қайтарады.
Тармақ 16
16. Айырма төлемін тағайындау туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен төлемнің күнделікті кестесінің негізінде Орталық ай сайын айырма төлеміне бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-күніне Министрлікке ұсынады.
Тармақ 17
17. Министрлік айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес есепті кезеңге көзделген сома шегінде бюджет қаражатын Орталыққа аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Орталық бюджет қаражатын алып, 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының банктік шотына аударады.
Басқа 1. Инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпарат
2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болғансәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндеттізейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесіне 1-қосымша Инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпарат Те­гі, аты, әке­сі­нің аты­______________________________________ ту­ған кү­ні (кк.аа.жж­жж)______________________________________ ӘЖ­К______________________________________ Ке­ліп түс­кен мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры­ның со­ма­сы Ке­ліп түс­кен мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры­ның са­ны Ин­фля­ция дең­гей­ін ес­ке­ре оты­рып, нақ­ты ен­гі­зі­л­ген мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры­ның со­ма­сы М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы ________________________ ____________ (Т.А.Ә.) (қолы) ЗТМО бөлімшесінің маманы ______________________________ ____________ (Т.А.Ә.) (қолы)
Басқа 2. Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер
2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болғансәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндеттізейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесіне 2-қосымша Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер _______________________________________________________ Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы Өті­нім­нің N Са­лым­шы­ның Т.А.Ә Са­лым­шы­ның ту­ған кү­ні Са­лым­шы­ның ӘЖК ЖЗҚ-ның са­лым­шы­сы бо­лып та­бы­ла­ды ма Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның жал­пы со­ма­сы 1 2 3 4 5 6
Басқа 3. Өтініш
2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болғансәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндеттізейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесіне 3-қосымша Ауданның коды__________________ Қазақстан Республикасы _________________________облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті Өтініш Азамат (ша)____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты толық) Туған күні 19___ ж. "___"______________,_____________________________ мекен жайында тұратын банктегі шотының N____________ Банк филиалының N____________ Байланыс бөлімшесінің N__________________ Менің (СТН)______________________ ӘЖК________________________________ Жеке куәліктің (паспорттың) деректері: N_____________________________ Кім берді_________________ Берілген күні_____________________________ Маған зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын. Мен____________________________________________________________ жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып табыламын. Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауап беремін. Орталықтан жинақтаушы зейнетақы қорындағы (-ларындағы) жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметке сұрау салуды өтінемін. Берілген күні_______________ Өтініш берушінің қолы___________________ Азамат________________________________________________________өтініші 20___ ж."____" N____________ қабылданды. Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_______________ Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: Р/с N Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­та­ғы па­рақ­тың са­ны Ес­керт­пе __________________________________________________________________ (қию сызығы) Азамат________________________________ өтініші N___________ тіркелді. Құжаттарды қабылдаған күн_____________________ Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:____________
Басқа 4. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының іс-қағазы
2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болғансәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндеттізейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесіне 4-қосымша Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының іс-қағазы Ин­фля­ция дең­гей­ін ес­ке­ре оты­рып, мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры­ның со­ма­сы мен зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма тө­ле­мін алушы­ның іс-қа­ға­зы N_____________ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Об­лыс Қа­на(аудан) Те­ле­фо­ны Те­гі Аты Әке­сі­нің аты Жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры Же­ке зей­не­та­қы шо­ты Банк фи­ли­а­лы Банк­тік шо­ты
Басқа 5
2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болғансәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндеттізейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесіне 5-қосымша Коды_______________ _______________________облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің 2009 жылғы "____"______________ N______ шешімі Іс-қағаз N____________ Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) Азамат (ша) ___________________________________________________ Жынысы________ Туған күні 19___ ж. "____" ___________________. Өтініш берген күні 20___ ж. "____"___________ N______________ 1. Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы________________________ теңгені құрайды. _______________________________________________________________теңге. (сомасы жазбаша) 2. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы _____________________________ теңгені құрайды. _______________________________________________________________теңге. (сомасы жазбаша) 3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы _____________________________________________________________________ ______________________________________теңге мөлшерінде тағайындалсын. (сомасы жазбаша) 4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын _____________________________________________________________________ (негіздеме) М.О. Департамент директоры____________________________ ______________ (Т.А.Ә.) (қолы) Басқарма (бөлім) бастығы______________________________ ______________ (Т.А.Ә.) (қолы) Тағайындау жөніндегі маман____________________________ ______________ (Т.А.Ә.) (қолы) _____________________________________________________________________ Шешім жобасы дайындалды: М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы__________________________ ____________ (Т.А.Ә.) (қолы) ЗТМО бөлімшесінің маманы________________________________ ____________ (Т.А.Ә.) (қолы)