Райымбек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Райымбек ауданының 2010–2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» № 32-160 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Райымбек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Райымбек ауданының 2010 – 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» № 32-160 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1- тармағының 12-2) - тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 36-187 шешіміне қосымша «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағының берілуі моральдық көтермелеудің маңызды түрлерінің бірі және марапатталатындардың ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани даму саласында сіңірген еңбектерінің танылуының белгісі болып табылады.
Тармақ 3
3. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын Райымбек аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының  мерекелік күндері  қарсаңында береді.
Тармақ 4
4. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы өмірбаяндары Райымбек ауданымен байланысты ауданның азаматтарына, сондай-ақ басқа аудан, қалалар мен шет ел азаматтарына олардың ауданның алдында:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік – экономикалық саласын дамытудағы;
Тармақша 2
2) қоғамды демократияландырудағы, аудан халқын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асырудағы;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіп кешенін, өнеркәсіпті дамытудағы тиімділігі жоғары жаңа техника мен технология жасау мен өндірудегі ғылыми жетістіктері;
Тармақша 4
4) аудан халқының мәдениетін дамыту мен байытудағы, көркемдігі жағынан биік өнер, әдебиет және журналистика туындыларын жасаудағы;
Тармақша 5
5) Егемен Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінің қалыптасуына, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтудағы, өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұзақ жылғы жемісті еңбегімен үздік нәтижелерге жеткені үшін, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы зор жетістіктеріне, мемлекеттік және әскери қызметтегі қалтқысыз еңбегі мен жетістіктеріне, бейбіт уақытта парызы, азаматтық міндетін атқаруда жеке ерлігі, төтенше жағдайдағы ерекше еңбегі үшін;
Тармақша 6
6) адам өмірін, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтаудағы шараларды жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған табиғи ортаны сауықтырудағы;
Тармақша 7
7) заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудағы сіңірген еңбектері үшін беріледі.
Тармақ 5
5. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағына үміткер келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
Тармақша 1
1) Райымбек ауданы деңгейінде басшылық қызметтерде өзінің қызметтік міндетін жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, білімділік пен біліктілік таныта білген, өз қызмет саласы бойынша аудан, облыс, Республика көлемінде үздік нәтиже көрсеткен, аудан халқының алғысына ие болып, құрметіне бөленген бұрынғы КСРО-ның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен (Орден, медаль) марапатталған, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, өзінің қызмет және кәсіби саласы бойынша Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын иеленгендер.
Тармақ 6
6. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді аудан әкімінің ұсынуымен аудандық мәслихат қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру мәселелері құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, аудандық бюджеттің есебінен куәлігі мен төс белгісін жасатуды аудандық мәслихат аппараты жүзеге асырады.
Тармақ 8
8.  «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы  берілген азаматтарға куәлік пен төс белгісі тапсырылады.
Тармақ 9
9. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы  берілген азаматтар ауданның құрметті адамдары Кітабына енгізіледі.
Тармақ 10
10. «Райымбек ауданының құрметті азаматы»  төс белгісі мен куәлігін аудан әкімі және аудандық мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда иесіне тапсырады.
Тармақ 11
11. Тапсырылғаны туралы хаттама жасалып, оған тапсырған адам қол қояды.
Тармақ 12
12. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім аудандық «Хантәңірі» газетінде жарияланады.
Тармақ 13
13. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшыларына және оның қызметкерлеріне кезексіз кіруге құқылы.
Тарау 2. 2. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын кезектен тыс беру тәртібі
2. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын кезектен тыс беру тәртібі
Тармақ 1
1. Райымбек ауданының азаматы өнер, мәдениет, білім, спорт салаларында Республикалық байқауларда бас жүлдені, халықаралық жарыстар мен олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленсе;
Тармақ 2
2. Спорт жарыстары бойынша Еуропа, әлем біріншілігі және олимпиада ойындарында жүлделі орын алса;
Тармақ 3
3. Осы ережеге сай құрметке бөленген ауданның  азаматы зейнеткерлік демалысқа шыққан жағдайда.
Тарау 3. 3. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну тәртібі
3. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну тәртібі
Тармақ 1
1. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағына ұсынымды аудандық мәслихатқа аудан әкімі енгізеді.
Тармақ 2
2. Кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық одақтар басшылары «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы өтініш хатты, ұжымның жалпы жиналысының хаттамасын, ұсынылған кандидатқа мінездемені, өмірбаяндық мәліметтерді аудан әкімінің аппаратына жолдайды.
Тармақ 3
3. Атақ беру үшін ұсынылған адамның кандидатурасы ұсынып отырған еңбек ұжымының немесе жергілікті қоғамдастық жиналыстарында (жиындарында) қаралып, шешім қабылданады, мінездемесі бекітіледі.
Тармақ 4
4. Атақ беру үшін ұсынылған үміткердің ауданға сіңірген еңбегі, көрсеткіштері, шығармашылық еңбектері, қызметінің тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, негізгі жұмыс нәтижелері, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесі көрсетілген мінездеме келтіріледі. Атаққа ұсынылатын ғалымдардың, ғылым қайраткерлерінің мінездемесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі, өнертапқыштардың өндіріске енгізген жаңалықтарының ( экономикалық тиімділігі көрсетілген ) тізбесі, өнер табыстары туралы авторлық куәліктердің көшірмелері қоса тапсырылады.
Тармақ 5
5. Жиналыс хаттамасына жиналыс төрағасы, хатшысы қол қояды, мөр басып, куәландырады. Аудан әкіміне жолдаған өтініш хатқа, мінездемеге тиісті басшының қолы қойылады, мөр басып, куәландырады. Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен өтініш хаттар қарастырылмайды. Сол, бір кандидатқа ұсыныс хат өкілетті органның шақырылымы кезеңінде екі реттен артық енгізілмейді.
Тармақ 6
6. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің ұсынысы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясынан қалдырмай енгізеді.
Тармақ 7
7. Атақ беру туралы құжаттар қабылданбаған жағдайда және аудандық мәслихаттың сессиясында атақ берілмесе аудандық мәслихат, аудан әкімдігі, кәсіпорын, мекеме, бірлестік, қоғамдық ұйымға ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме береді.