Қолданыстағы ред. 07.09.2009

Қала әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2009 жылғы 21 мамыр № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 07.09.2009 г. № 1403 (Қала әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2009 жылғы 21 мамыр № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Қала әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2009 жылғы 21 мамыр № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы мен 7 бабы 6 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» және Облыс әкімдігінің 2009 жылы 16 наурыздағы № 746 - 1 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс - қимыл жоспарын Жол картасын орындау жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулыларын іске асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қала әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамыр № 852 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөнінде қосымша шаралар туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-111 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 23 (1410) 2009 жылы 10 маусымда жарияланған), және қала әкімдігінің 2009 жылғы 3 шілде № 1119 «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөнінде қосымша шаралар туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-114 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 32 (1419) 2009 жылы 12 тамызда жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.