Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Дөнентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы" № 1-08 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Дөнентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы" № 1-08 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Евден шағын ауылы тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Дөнентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы" № 1-08 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда № 12-2-117 болып енгізілді, "Ақжол" – "Новый путь" қалалық газетінде 2009 жылғы 12 желтоқсанда № 94 (783) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 4—абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.