Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 111 "Жем селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 111 "Жем селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 111 "Жем селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" қаулысына (Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-2-11 болып енгізілген, "Кең Жылыой" газетінде 2009 жылғы 25 маусымдағы № 26 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспеде:
"заңына" деген сөз "бабына" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.