Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 987 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 987 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 987 Қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-1-98 тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпандағы «Жамбыл Тараз» № 5 газетінде жарияланған) келесі өзерістертер мен толықтырулар енгізілсін: аталған Қаулының қосымшасындағы: 1 жолдағы: «Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 7 сағат, 12 ай мерзімге» сөздері «Аптасына 40 сағат» сөздерімен ауыстырылсын; Мынадай мазмұндағы 6 жолмен толықтырылсын: 6 Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Спорт алаңдарының жұмысын жүргізу Аптасына 40 сағат 20000 теңге жергілікті бюджет 10 10 «Барлығы» деген жолда: «220» деген сандар «230» санымен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы Қаулы Әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Мәдиеваға жүктелсін.