Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 987 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 987 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2010 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 987 Қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-98 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпандағы «Жамбыл Тараз» № 5 газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін: аталған Қаулының қосымшасындағы: 1 жолдағы: «204» деген сандар «304» деген сандарымен өзгертілсін. «Барлығы» деген жолда «230» деген сандар «330» деген сандарымен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы Қаулы Әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Мәдиеваға жүктелсін.