Аманкелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 126 "Аманкелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аманкелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 126 "Аманкелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Бюджет Кодексінің" 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Аманкелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-6-102 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 6 қаңтарда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) № 126 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
Тармақша 2
2) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 1 есе көлемінде;
Тармақша 4
4) техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын және жергілікті бюджет қаржысы есебінен оқитын жастарға әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аз қамтылған азаматтарға емдеуінің қолдау фазасында қосымша тамақтандыруға 12 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмысқа қажеттілігіне біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет айлық есептік көрсеткіштің 25 есе көлемінде.
Тармақ 2
2. "Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
Тармақша 1
1) оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тоқсан сайын айлық есептік көрсеткіштің 4 есе көлемінде.
Тармақ 3
3. "Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 65 жыл толуына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 65 жыл толуына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет 65000 теңге көлемінде.
Тармақ 4
4. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.
Тармақ 5
5. Төмендегілер белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім уәкілетті органның жанында құрылған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік кеңесімен комиссия ұсынысының негізінде шығарылады;
Тармақша 2
2) қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы), жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген жағдайда ғана тағайындалады;
Тармақша 3
3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы) тағайындалады;
Тармақша 4
4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болғанға дейінгі жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға тағайындалады және қайтыс болған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға төленеді;
Тармақша 5
5) техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орындарында оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек тиісті оқу жылына оқу ақысы мөлшері жөнінде оқу орнының анықтамасының негізінде жылына 2 рет төленеді;
Тармақша 6
6) әлеуметтік көмек төлем алушының жеке шотына уәкілетті органның берген тізімі бойынша аударылып, төленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмектерді қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету", "Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету", "Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 65 жыл толуына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Қосымшаға сәйкес жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін. Құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде салыстыру үшін ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы арыз берушіге қайтарылады, ал көшірмелері куәландырылады және іске тігіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 9
9. Осы қаулы орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ М. Тобағабылов "Аманкелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ Т. Қарбозов "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ Ж. Сеилова
Басқа 24
Әкімдіктің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 56 қаулысымен бекітілген Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің барлық түрлерін тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұлғаның өтініші;
Тармақша 2
2) өтініш беруші тұлғаның растайтын құжаттың көшірмесі, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің жеке коды;
Тармақша 3
3) мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Аманкелді аудандық пошта байланысы торабының "Қазпошта" акционерлік қоғамының шоты;
Тармақша 5
5) арыз берушілер үшін, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш берушінің, аталған мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақ 2
2. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге:
Тармақша 1
1) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақ 3
3. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге;
Тармақша 1
1) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында марқұмның жұмыс істемейтін жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама;
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жыл толуына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы әлеуметтік көмек төлеу (тізім бойынша):
Тармақ 5
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметіне ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Тармақ 6
6. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмысқа қажетті біржолғы әлеуметтік көмек төлеу (тізім бойынша):
Тармақ 7
7. Туберкулез ауруының жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға:
Тармақша 1
1) емдеу мекемесінен, науқастың амбулаторлық емделуін растайтын анықтамасы;
Тармақ 8
8. Әлеуметтік қорғалуға жататын тұрғындар қатарынан, облыстық және аудандық бюджет есебінен оқып жатқан әлеуметтік көмек қажет ететін жастарға кәсіптік–техникалық және орта біліммен ары қарай жоғары білім алуына кететін шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) отбасының табысы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) оқу орнынан оқитыны туралы анықтама;
Тармақша 3
3) Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы (сертификат көшірмесі);
Тармақша 4
4) оқитыны туралы мемлекеттік жоғарғы оқу орнының келісім-шарты;
Тармақша 5
5) емтихан сессиясының нәтижесі бойынша академиялық қарыздары жоқ туралы анықтама;
Тармақша 6
6) алдынғы семестр оқуына төлем туралы түбіртек.