Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуіріндегі 12 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" № 141 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуіріндегі 12 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 141 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуіріндегі 12 сессияның "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 141 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімі N 8-10-87 болып тіркелеген), аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 35 (7201) санында жарияланған шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 5 тараудың 12 тармағындағы бірінші абзацта: "Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша кент, селолық округ әкімдігіне" деген сөздерден кейін "немесе халыққа қызмет көрсету орталығына" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 5 тараудың 12 тармағының 7) тармақшасындағы: "қалалық" деген сөз алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 6 тараудың 19 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "19. Тұрғын үй жәрдемақылары жергілікті бюджет қаржылары есебінен қаржыланады.".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Е. Күлмағанбетова) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Түсіпбеков 29.09.2009 ж.