"Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗ"Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 162
- Қабылданған күні
- 26.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2012 · қолданыстағы AI47087_2.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09L0004233
- ЭКБ идентификаторы
- 47087
- Редакция идентификаторы
- AI47087_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:52
0 "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4225 нөмерімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 78-79 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауындағы және 1-тармағындағы "Қызылорда облысының құрметті азаматы" деген сөздер "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған шешіммен бекітілген "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ЕРЕЖЕСІ
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының
XVIII сессиясының төрағасы Е. Дүйсенов
Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы Н. Құдайбергенов
Қызылорда облыстық мәслихатының
2009 жылғы 26 маусымдағы
N 162 шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2009 жылғы 27 наурыздағы
N 146 шешімімен бекітілген
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ЕРЕЖЕСІ
1
1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру - қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет, өнер қайраткерлерін еліміздің, облыстың (қаланың, ауданның) игілігі жолындағы көп жылғы қызметін мадақтаудың бір түрі болып табылады.
2
2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі - атақ) Қазақстан Республикасының, облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық-әлеуметтік, мәдени-рухани, өнер, ғылым салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметінде үлгі көрсетіп, азаматтар мен жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі мен ерекше жетістіктер үшін облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат шешімімен беріледі.