Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2009 год и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2007 года № 753 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2009 жылға арналған квотаны белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2009 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,75 пайыз мөлшерінде, оның ішінде: бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,35 пайыз; үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,35 пайыз; төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,05 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері" деген 2-бөлімнің "Әлеуметтік сала дамуының реттеуіштері" деген кестесінде: "Жұмыс күшінің импортының үлесі (Қазақстан Республикасының шекара бойындағы облыстардағы ауылшаруашылық жұмыстарында еңбек қызметін атқару үшін тартылған еңбекші-мигранттарды қоса алғанда)" деген жолдың "2009 ж." деген бағанындағы "2,40" деген сандар "0,75" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.