Әкімдіктің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 "Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 "Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 "Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-113 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанында аудандық "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: Мынадай мазмұндағы 13, 14, 15-тармақтармен толықтырылсын: "13. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар. 14. Елу жастан жоғары адамдар. 15. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ Л. Зейнекина