Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 19/123-IV "Жер салығының базалық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 19/123-IV "Жер салығының базалық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Кодексiнiң 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасы және Арыс қалалық мәслихатының 2003 жылғы 6 қарашадағы № 2/11-III шешiмiмен бекiтiлген жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде қалалық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. «Жер салығының базалық ставкалары туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 19/123-IV (нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14-2-71 нөмiрмен тiркелген, 2009 жылғы 16 мамырдағы «Арыс ақиқаты» газетiнiң № 20 санында жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлiнген (бөлiп шығарылған) жерлердi қоспағанда, ҚР «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық Кодексi) Кодексiнiң 378, 379, 381, 383 - баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын».
Тармақ 2
2. Осы шешiм 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.