Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-87 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) толықтырулар енгізілсін:
1-тармағы мына тармақшалармен толықтырылсын:
"29) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
30) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
КЕЛIСIЛДI:
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
___________________ М. Қаратаев
17 шілде 2009 жыл
"Науырзым ауданының қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
___________________ Р. Бөдекенова
17 шілде 2009 жыл
"Науырзым ауданының экономика
және бюджеттiк жоспарлау бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
___________________ А. Айтуарова
20 шілде 2009 жыл