Қолданыстағы ред. 07.11.2008

2009 жылы тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жыңысты азаматтарын «Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы от 07.11.2008 г. № 25 (2009 жылы тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жыңысты азаматтарын «Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы)

0

2009 жылы тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жыңысты азаматтарын «Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16, 17, 18-баптарын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:

1

1. 2009 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын «Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын айқындау және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және өткізілсін.

2

2. Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, оларға жұмыс орны мен атқаратын қызметін сақтай отырып, әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюмен байланысты міндеттерін орындауға қажетті мерзімге жұмыстан (оқудан) босатылсын.

3

3. «Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - МКҚК) бас дәрігеріне (келісім бойынша):

1

1) әскери жасына дейінгі азаматтарды медициналық куәландыру үшін тәжірибелі дәрігер-мамандар, сондай-ақ орта медициналық жұмыскерлер жіберу;

2

2) әскери жасына дейінгі азаматтар үшін алдын-ала тексеру қамтамасыз ету;

3

3) аудандық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасы бойынша әскери жасына дейінгі азаматтар үшін емдеу-сауықтыру мекемелерінде кезектен тыс қосымша тексеруді қамтамасыз ету;

4

4) тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде жұмысқа тартылатын медициналық персоналға жұмыс орындарын, атқаратын қызметтің және орта айлық жалақыларының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4

4. «Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы (келісім бойынша) «Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» ММ бастығымен бірлесіп әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған нарядты оқу орындарына дейін жеткізсін, бастапқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары жөнінде анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берсін. Тіркеу кезінде әскери оқу орнына түсуіне әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгі азаматпен жеке әңгімелесіу жүргізсін.

5

5. «Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» ММ бастығына «Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» МКҚК бас дәрігеріне (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.

6

6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» ММ бастығына (келісім бойынша) «Мендіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ тіркеу комиссиясынан өтуге келмеген бозбалаларды уақытылы іздеу және жеткізу жөнінде көмек көрсету ұсынылсын.

7

7. «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығына 2009 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шараларды қаржыландыруын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шығыстар сметасында көзделген қаржы есебінен жүргізсін.

8

8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

9

9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.