О бюджете Денисовского района на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Денисов ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылдың 12 желтоқсандағы № 104 «Қостанай облысының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін орындау үшін және Денисов ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 15 қарашадағы № 309 «Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданының 2009 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімінің жобасын Денисов аудандық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов ауданының 2009 жылға арналған бюджеті сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер 984572 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері бойынша - 308504 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 1556 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 437 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 674075 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 984572 мың теңге;
Тармақша 3
3) таза бюджеттік несиелеу - 0;
Тармақша 4
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
Тармақша 5
5) дефицит (профицит) - 0;
Тармақша 6
6) дефицитті қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0 мың теңге»;
Тармақ 2
2. Аудан бюджетінің кірісіне есепке алынатындары белгіленсін:
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың мүліктеріне арналған салықтары;
жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
заңды тұлғалардың және салынатын салық;
бензинге арналған акциздер (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизельдік жанар май;
жер учаскелерін қолдануға арналған төлемдер;
жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелгендері үшін жинақтары;
жекелеген қызметтермен айналысу құқығына лицензиялық жинағы;
заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгендері үшін және филиалдар мен өкілдіктерін тіркелуін және қайта тіркелуін есепке алу төлемдері;
аукциондар жинағы;
көлік құралдарының тіркелгені үшін, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін алымдар;
қозгалмайтын мүлікке құқықтары мен оған қатысты мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге алу үшін алым;
жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы үшін алынатын алым;
елді-мекендерде және жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлем;
республикалық бюджетте есепке алынатын мемлекеттік баждардан және консульдік жинақтардан басқа мемлекеттік баж; коммуналдық меншіктен түсетін түсімдер:
аудан әкімдігінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза түсімдері бөлігінің кірістері;
ауданның коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
аудан бюджетінен бөлінген несиелер бойынша сыйақылар;
ауданның коммуналдық меншігінен түсетін басқа да түсімдері;
аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар сатудан (жұмыстар, қызмет көрсетулерден) түсетін түсімдер;
аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
аудан бюджетіне түсетін салықтық емес басқа да түсімдер;
аудандық бюджеттен каржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін ақша;
жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін коспағанда;
жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем.
Ауданның жергілікті атқарушы органы алатын займдардан, ауданның коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, аудандық бюджетінен берілген несиелерді өтеуден түсетін түсімдер аудан бюджетіне есепке алынады.
Тармақ 3
3. Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы сессиясының № 140 «Қостанай облысының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» шешімімен белгіленгендері мәліметке алынсын:
облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 2009 жылға арналған субвенциялар көлемі 632555 мың теңге сомасында.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансфертер есебіндегі шығындар аудан бюджетінде ескертілсін:
17000 мың теңге сомаға сумен қамту жүйесін дамыту, оның ішінде:
17000 мың теңге сомаға (жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу) Қостанай облысы Денисов ауданының Аятское және Зааятское селоларының сумен қамту жүйесін қалпына келтіру;
6197 мың теңге сомаға бастауыш, негізгі және орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, оның ішінде:
химия кабинеттерін оқулық жабдықтаулармен қамтуға - 3817 мың теңге;
компьютерлерлік класстарын сатып аулға - 2380 мың теңге;
2009 жылы коммуналдык меншіктегі объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға- 16600 мың теңге;
білім алуына байланысты шығындарды ішінара өтеу үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге (әкімнің гранттары) - 1732 мың теңге.
Тармақ 5
5. Денисов ауданының жергілікті атқару органының 3104 мың теңге сомасында 2009 жылға жедел қажеттіліктерге арналған резерві бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2009 жылға арналған аудан бюджеттің шығындарында жалпы білім беру мектептерінің ағымдағы ұстау шығындарының 1 пайыздан кем емес көлемінде «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер, бейіндік мектептер, мектеп-балабақшалар» кіші бағдарламасы бойынша жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 7
7. Бюджеттік инвестициялык жобалардың (бағдарламалардың) іске асырылуына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталының қалыптасуына немесе көбейуіне бағытталған бюджеттік бағдарламаға бөлінгендігімен 2009 жылға арналған Денисов ауданы бюджетінің дамуының бюджеттік бағдарламалар тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2009 жылға арналған ауылдық, селолық округтарының, кенттің, ауылдың (селоның) әкім аппараттарының бюджеттік бағдарламалар тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2009 жылға арналған Денисов ауданының бюджетінің орындалуы процессіндегі секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 17
Басқа 18
Басқа 19
Басқа 20