О районном бюджете Карасуского района на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Қарасу ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешіміне сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1 250 454 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер - 321 011 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 90 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 000 мың теңге;
алынған трансферттер - 923 353 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциялар - 861 228 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1 250 454 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2009 жылға арналған Қарасу ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 1 150 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
кезек күттірмейтін шығындарға 1 150 мың теңге.
Тармақ 3
3. 2009 жылға арналған бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. 2009 жылға арналған бюджеттің бағдарламалардың дамуының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Басқа 9