О районном бюджете Камыстинского района на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Қамысты ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 269 «Қамысты ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысын қарап, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер — 787851 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 279290 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 554 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 208 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 507799 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 787851 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте 490881 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер бекітілсін:
Тармақша 1
1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 5007 мың теңге оның ішінде:
- химия кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға - 3817 мың теңге;
- компьютерлік сыныптарды сатып алуға - 1190 мың теңге;
Тармақша 2
2) білім алуға байланысты шығыстарды ішінара өтеу үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге - 1731 мың теңге;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 3680 мың теңге оның ішінде:
- шахталы құдықтар салуға - 3680 мың теңге;
Тармақша 4
4) білім беру нысандарын салуға және қайта жаңғыртуға - 6500 мың теңге, оның ішінде:
Қамысты селосында Оқушылар сарайына «Целинный» кинотеатрының ғимаратын қайта жаңғыртуға - 6500 мың теңге.
Тармақ 4
4. Қамысты ауданы әкімдігінің 2009 жылға арналған резерві 2800 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 2800 мың теңге сомасында.
Тармақ 5
5. 2009 жылға арналған аудан бюджетінің шығындарында жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер, бейіндік мектептер, мектептер-балабақшалар" кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде жалпы міндетті орта білім қорының шығындары ескер ілсін.
Тармақ 6
6. 2009 жылға арналған аудан бюджетінің шығындарында ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету," білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына еңбекақылары мен бағамдық ставкалары 25 пайызға көтерілгені ес керілсін.
Тармақ 7
7. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылы; капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлумен 2009 жылға арналған аудандық бюджет дамуының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2009 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 17
Басқа 18
Басқа 19
Басқа 20