О бюджете Аулиекольского района на 2009 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасының, Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 «2009 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы» шешімінің және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 350 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның 2009 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1603354 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 474816 мың теңге; салықтық емес түсімдер- 908 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 1000 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 1126630 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен субвенция - 1068006 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1603354 мың теңге;
Тармақша 3
3) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге;
Тармақша 4
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) бюджет тапшылығы (профицит)- 0 мың теңге;
Тармақша 6
6) тапшылықты қаржылау (профицитті пайдалану) - 0 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2009 жылға арналған аудан бюджетінде 58624 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер және облыстық бюджеттен дамуға трансферттер көзделгені ескерілсін, соның ішінде: бастауыш, негізгі, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 14426 мың теңге сомасында; коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4000 мың теңге сомасында; білім алуға (әкім гранты) байланысты шығыстарды бөлшектеп қайтару үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге 2198 мың тенге сомасында; «Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде көмір қазандығын салу» жылуэнергетикалық жүйесін дамытуға 38000 мың теңге сомасында.
Тармақ 3
3. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2009 жылға арналған резерві 4767 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 4
4. 2009 жылға арналған аудан бюджетінде «Жалпы білім беру» бағдарла-масы бойынша жалпы міндетті орта білім қорының шығыны ағымдағы ұстау шығынынан 1 пайыздан кем емес мөлшерде көзделсін.
Тармақ 5
5. 2009 жылға арналған аудан бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен, тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2009 жылға арналған аудан бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Қаладағы әр ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, поселке, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің 2009 жылға бюджеттік бағдарламасының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 15. Әулиекөл ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 81 шешіміне 1-қосымша Әулиекөл ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Басқа 16. Ауданының 2009 жылға арналған бюджетінің дамуының бюджеттік бағдарламаларын тізбесі, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және занды тұлғалардың жарғылық капиталын кұруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 81 шешіміне 2-қосымша Ауданының 2009 жылға арналған бюджетінің дамуының бюджеттік бағдарламаларын тізбесі, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және занды тұлғалардың жарғылық капиталын кұруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен
Басқа 17. 2009 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардын тізбесі
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 81 шешіміне 3-қосымша 2009 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардын тізбесі
Басқа 18. Әр аудандағы қаланың, аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2008 жылға бюджеттік багдарламасының тізбесі
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 81 шешіміне 4-қосымша Әр аудандағы қаланың, аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2008 жылға бюджеттік багдарламасының тізбесі