О районном бюджете на 2009 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 85 бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 961 792,0 мың теңге, оның ішінде: салықтык түсімдер - 250 155,0 мың теңге; салықка жатпайтын түсімдер - 357,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 850,0 мың теңге; алынған трансферттер - 710 430,0 мың теңге, онын ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенция - 703 130,0 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 961 792,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін: жеке және заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мүлкіне салық; жер салығы; бірыңгай жер салығы; көлік құралдарына салық; тіркелген салық; мыналарға акциздер: Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне; Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне; Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға; Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына; Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен асқаруға бейімделген автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; аукциондардан алым; көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым; аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы; республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж; коммуналдық меншіктен түсетін кірістер: аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдык меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен тусетін басқа да кірістер; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетуді) өткізуінен тусетін түсімдер; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне басқа да салықтық емес түсімдер; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы. Аудан (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланаң) бюджетіне есептеледі.
Тармақ 3
3. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын, оның ішінде:
Тармақша 1
1) областық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер: білім алуға байланысты әкім гранты шығыстың орнын бөлшектеп толтыру үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге 1 103,0 мың тенге сомасында; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін материалдық-техникалық базасын нығайтуға химия кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 6 197,0 мың теңге сомасында, оның ішінде: химия кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 3 817,0 мың теңге және компьютерлік сыныптар жасауға 2 380,0 мың теңге сомасында.
Тармақ 4
4. 2009 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 2 513,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2009 жылға арналған аудандық бюджет шыгындарында "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, балабақша-мектептер" кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығындардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде қалпы міндетті орта білім қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің даму бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 13
Басқа 14
Басқа 15
Басқа 16