О бюджете Житикаринского района на 2009 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1 820 993 мың теңге, оның ішінде:
Тармақша 2
2) салықтық түсімдер бойынша- 1 022 681 мың теңге;
Тармақша 3
3) салықтық емес түсімдер бойынша - 2 185 мың теңге;
Тармақша 4
4) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша- 1 000 мың теңге;
Тармақша 5
5) алынған трансферттер бойынша - 795 127 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 36 607 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 50 800 мың теңге, субвенциялар - 707 720 мың теңге;
Тармақша 6
6) шығындар - 1 820 993 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте нысаналы трансферттер мынадай көлемде қарастырылғаны есепке алынсын:
Тармақша 1
1) 50 800 мың теңге - Жітіқара қаласыңдағы «Желтоқсан» шағын ауданының көшелерін қайта жаңартуға;
Тармақша 2
2) 11 451 мың теңге - химия кабинеттерін оқу жабдығымен жабдықтауға;
Тармақша 3
3) 4 165 мың теңге - компьютерлік сыныптарды сатып алуға;
Тармақша 4
4) 19 000 мың теңге - коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
Тармақша 5
5) 1 991 мың теңге - білім алуға байланысты шығындарды бөлшектік өтеу үшін, жастарға әлеуметтік көмекті көрсетуге.
Тармақ 3
3. 2009 жылға арналған Жітіқара ауданы әкімдігінің резерві, 10 258 мың теңге сомасына, оның ішінде 8 258 мың теңге сомасына шұғыл шығындар.
Тармақ 4
4. Инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) іске асырылуына бағытталған, 2009 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті дамуының бюджеттік бағдарламалар тізбесі 2-қосымшаға сәйкес, бекітілсін.
Тармақ 5
5. Аудандық бюджеттің орындалуы барысында секвестрге жатпайтын, 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі 3-қосымшаға сәйкес, бекітілсін.
Тармақ 6
6. Жітіқара ауданының ауыл, село, селолық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік бағдарламалары 4-қосымшаға сәйкес, бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 19
Басқа 20
Басқа 21
Басқа 22