О бюджете города Лисаковска на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Казахстан Республикасы Бюджет кодексінің 78, 80 - баптарына сәйкес, Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешіміне сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
кірістер - 1490186,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 1382823,0 мың теңге,
салықтық емес түсімдер бойынша - 3490,0 мың теңге,
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 16410,0 мың теңге,
трансферттер түсімдері бойынша - 87463,0 мың теңге;
шығындар - 1470186,0 мың теңге;
операциялық сальдо - 20000,0 мың теңге;
қаржылық активтермен операциялық бойынша сальдо - 20000,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 20000,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес қалыптастырылған назарға алынсын.
Тармақ 3
3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2009 жылға арналған резерві 14027,0 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
күтілмеген шығындарға - 14027,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешімімен белгіленгені назарға алынсын:
қаланың бюджетінен 2009 жылға арналған облыстық бюджетке бюджеттік алулар көлемі 193767,0 мың теңге сомасында.
Тармақ 5
5. 2009 жылға арналған қаланың бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің түсімдері көзделгені ескерілсін:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5007,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:
химия кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 3817,0 мың теңге сомасында;
компьютерлік сыныптарды сатып алуға 1190,0 мың теңге сомасында;
коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 27700,0 мың теңге сомасында;
білім алуларына байланысты шығындарды ішінара өтеу үшін (әкімнің гранттары) жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге 1256,0 мың теңге сомасында.
Тармақ 6
6. 2009 жылға арналған қаланың бюджетінде облыстық бюджеттен дамуға нысаналы трансферттердің түсімдері көзделгені ескерілсін:
көлік инфрақұрылымының дамуына 53500,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Лисаков қаласының 13 және 13а шағын аудандарының ішкі орамдағы жолдарын салу 50000,0 мың теңге сомасында;
Лисаков қаласының Комсомольская көшесін қайта құру 3500,0 мың теңге сомасында.
Тармақ 7
7. Қаланың 2009 жылға арналған бюджетінің шығындарында «Мектептер, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, орта негізгі және жалпы орта кәсіби мен жалпы орта білім беру мектептері, мектептер-балабақшалар» кіші бағдарламасы бойынша жалпы білім беру мектептерін ағымдағы ұстауға арналған шығыстардан кемінде 1 пайыз көлемінде жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары ескерілсін
Тармақ 8
8. 2009 жылға арналған Лисаков қаласы бюджетінің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаның тізбесі 2 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2009 жылға арналған кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. 2009 жылға арналған Лисаков қаласының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Бюджетті орындау үшін бақылау жасау экономика, экономикалық даму, бюджет және бағдарламалар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына, қалалық мәслихаты тексеру комиссиясының төрайымына жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 13. Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджеті
Мәслихаттың 2008 жылғы
25 желтоқсандағы
№ 142 шешіміне
№ 1-қосымша
Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджеті
Басқа 14. 2009 жылға арналған Лисаков қаласы бюджетінің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаның тізбесі
Мәслихаттың 2008 жылғы
25 желтоқсандағы
№ 142 шешіміне
№ 2-қосымша
2009 жылға арналған Лисаков қаласы бюджетінің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаның тізбесі
Басқа 15. 2009 жылға арналған кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Мәслихаттың 2008 жылғы
25 желтоқсандағы
№ 142 шешіміне
№ 3-қосымша
2009 жылға арналған кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Басқа 16. Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Мәслихаттың 2008 жылғы
25 желтоқсандағы
№ 142 шешіміне
№ 4-қосымша
Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларының тізбесі