Науырзым ауданының 2009 жылға аудандық бюджеті туралы Қолданыста
Басқа 0
Науырзым ауданының 2009 жылға аудандық бюджеті туралы
Бюджет Кодексі және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған Науырзым аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 741344 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 110999 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 779 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 115 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 629451 мың теңге;
оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 92755 мың теңге;
дамудағы мақсатты трансферттер - 15000 мың теңге;
субвенциялар - 521696 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 741344 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 теңге.
Тармақ 2
2. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте 521696 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі анықталғаны назарға алынсын.
Тармақ 3
3. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы мақсатты трансферттер 92 млн. 755 мың теңге көлемінде анықталғаны назарға алынсын:
Тармақша 1
1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 5007 мың теңге сомасында, оның ішінде:
- химия кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға - 3817 мың теңге;
- компьютерлер сатып алуға - 1190 мың теңге;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншіктің материалды-техникалық негізін нығайту үшін 2009 жылға облыстық бюджеттен 8370 мың теңге мөлшерінде қаражат қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
- трактор сатып алуға 6 млн. 750 мың теңге;
- су тасымалдайтын агрегат сатып алу үшін 1 млн. 620 мың теңге;
Тармақша 3
3) жастарға әлеуметтік көмек ретінде, жоғарғы білім алу шығындарын жартылай өтеуге (әкімдік грант) 1 млн. 758 мың теңге;
Тармақша 4
4) Жамбыл бастауыш мектебін күрделі жөндеуден өткізіп, материалдық-техникалық жарақтандыру үшін 60 млн. теңге;
Тармақша 5
5) 2009 жылғы аудандық бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 16 млн. 863 мың теңге;
Тармақша 6
6) мемлекеттік атаулы көмек 757 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 4
4. Мәдениет объектілерін дамытуға 15000 мың теңге, оның ішінде:
Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді селосында мәдени-ойын-сауық орталығын салуға (жобалық-сметалық құжаттама салуға).
Тармақ 5
5. Бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы 2009 жылы 25 пайызға көбейтілгені ескерілсін.
Тармақ 6
6. Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға қаражат 913 мың теңге көлемінде ескерілсін.
Тармақ 7
7. Аудан аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін тиісті қаражат 1 млн. 500 мың теңге мөлшерінде ескерілсін.
Тармақ 8
8. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек 3 млн. 718 мың теңге мөлшерінде ескерілсін.
Тармақ 9
9. Аудандық спорттық жарыстар өткізу және облыстық спорттық жарыстарға қатысу үшін жұмсалатын қаражат 3 млн. 47 мың теңге мөлшерінде ескерілсін.
Тармақ 10
10. 2009 жылғы аудандық бюджеттің шығындарында «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептері, гимназиялары, лицейлері, бейіндік мектептер, мектеп-балабақшалар» жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде, яғни 37 мил. 932 мың теңге көлемінде жалпы міндетті орта білім қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 11
11. Аудандық автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін қажет қаражат 54 млн. 19 мың теңге көлемінде ескерілсін, оның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына 30 млн. 19 мың теңге ескерілсін.
Тармақ 12
12. Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылға арналған резерві 1118 мың теңге сомасында, оның ішінде:
- 2009 жылғы аудандық бюджетте аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві 1118 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 13
13. Мал өнімдері селолық тұтыну кооперативінің инвестициалық жобасын техникалық-экономикалық негіздеу үшін қаражат 270 мың теңге көлемінде ескерілсін.
Тармақ 14
14. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 15
15. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу процесінде секвестірлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 16
16. 2009 жылы селолық округ, село, поселке әкімі аппараттарын ұстауға, елді мекендердің автомобиль жолдарын күтуді қамтамасыз етуге, елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, елді мекендерді абаттандыруға және көркейтуге бөлінген шығындар 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 17
17. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 27. Науырзым ауданының 2009 жылға арналған бюджеті
Мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
төртінші шақырылған
кезекті алтыншы сессиясының
№ 147 шешіміне
1-қосымша
Науырзым ауданының 2009 жылға арналған бюджеті
Басқа 28. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
Мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
төртінші шақырылған
кезекті алтыншы сессиясының
№ 147 шешіміне
2-қосымша
2009 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
Басқа 29. 2009 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
төртінші шақырылған
кезекті алтыншы сессиясының
№ 147 шешіміне
3-қосымша
2009 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Басқа 30. 2009 жылғы бекітілген бюджет бойынша селолық округ аппараттарын ұстауға арналған шығынның жинағы
Мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
төртінші шақырылған
кезекті алтыншы сессиясының
№ 147 шешіміне
4-қосымша
2009 жылғы бекітілген бюджет бойынша селолық округ аппараттарын ұстауға арналған шығынның жинағы