О районном бюджете Мендыкаринского района на 2009 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меңдіқара ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджеты туралы» Занының орындалуы барысында, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 75 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Меңдіқара ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 271 317 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 260 227 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 2 000 мың теңге; негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 9 090 мың теңге; облыстық бюджеттен субвенция - 793 926 мың теңге; ағымдағы нысаналы трансферттер - 13 923 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығыстар -1 079 166 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін: аудан бюджетіне салықтық түсімдер: кірістерді бөлісу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; кірістерді бөлісу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; жеке тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, заңды тұлғалардан мүлікке алынатын салық; жер салығы; бірыңғай жер салығы; жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдарына алынатын салық; бензинге (авиациялықтан басқа) және дизель отынына акциздер; жер телімдерін пайдаланғанға төлем; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегенге алынатын алым; қызметтің жеке түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегенге алынатын алым; көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегенге алынатын алым; жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын шартка құқықтарды мемлекеттік тіркегенге алынатын алым; жалпы пайданылуға арналған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем; республикалық бюджетке аударылатын мемлекеттік баж консулдық алымнан және мемлекеттік баждан басқа; коммуналдық меншіктен түсетін кірістер аудан бюджетіне салық емес түсімдер болып табылады; аудан әкімінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері; жер телімдерін жалға беру құқығын сатудан түскен төлем; аудан бюджетіне түсетін басқа салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан аудан бюджетіне сатудан түсетін ақша болып табылады: аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; жер телімдерін сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 3
3. Шығындардың болжалды көлемдерін есептегенде есептелінді: ортамерзімді фискалдық саясатқа сәйкес (жалақыдан басқа) тұтынушы бағаларының индексіне көбейтуді есепке алғанда 2008 жылдың 1 наурызына ағымдағы шығындар көлемі және электр энергиясы мен коммуналдық қызметтерге тарифтердің болжалды өсуіне байланысты коммуналдық қызметтерге қосымша шығындар; 2009 жылға арналған әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударулар - тиісті 7 % және 4 %. нормативтік құқықтық актілерді іске асыру (азаматтық қызметшілерге сауықтырылуы үшін лауазымдық қызметақысы көлемінде жәрдемақы); электр энергиясы мен коммуналдық қызметтерге тарифтердің болжалды өсуіне байланысты тұрғын үй көмегін төлеуге қосымша қаражат; орта мектептерді ағымдағы жөндеуге шығындар 12 000 мың теңге сомасында; материалдық-техникалық базаны нығайтуға шығыстар 14 256 мың теңге және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен ағымды трансферттер 6 197 мың теңгені қүрайды: оның ішінде химия кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыру 3 817 мың теңге және компьютерлік сыныптарды сатып алуға 2 380 мың теңге; Боровской-Молодежный 32 шақырым трассасын орташа жөндеуді өткізу және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шығындар. Бұдан басқа аудан бюджетінде коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 7 000 мың теңге сомада, білім (Әкім грантын) алуға байланысты шығыстарды жартылай толтыруға арналған жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен ағымды трансферттер түрінде бөлінген 726 мың теңге сомада.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджетте 4 595 мың теңге сомасында аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге шығыстар көзделгені ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте селолық жерде жұмыс істегені үшін жиырма бес пайыз мөлшерінде білім беру, мәдениет, әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлерге көтермелеуді төлеуге шығыстар көзделгенгі ескерілсін.
Тармақ 6
6. Кірістің 1 % мөлшерінде (1-3 санаттар) 2713 мың теңге сомасында әкімнің резерві бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2009 жылға арналған аудан бюджетінің шығысында «Жалпыға білім беруді оқыту» бағдарламасы бойынша жалпыға міндетті орта білім беру қорының шығындары ағымдағы ұстауға шығыстардың үш пайыз көлемінен кем емес екені ескерілсін.
Тармақ 8
8. 2-қосымшаға сәйкес Меңдіқара ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 9
9. 3- қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 10
10. 4-қосымша сәйкес Меңдіқара ауданының әр селолық округінің бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынаң бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14
Басқа 15
Басқа 16
Басқа 17