О районном бюджете Федоровского района на 2009 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Федоров ауданы әкімдігінің қаулысын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер -1111673 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдері - 381403 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 2516 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2000 мың теңге; трансферттер түсімдері - 725754 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1111673 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудан бюджетіне түсімдер: Аудандық бюджетке түсетін салық түсімдері мыналар:
Тармақша 1
1) жеке табыс салығы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік салық;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салық;
Тармақша 4
4) жер салығы;
Тармақша 5
5) біртұтас жер салығы;
Тармақша 6
6) көлік құралдарына салық;
Тармақша 7
7) белгіленген салықтар;
Тармақша 8
8) акциздер;
Тармақша 9
9) жер учаскелерін пайдалануға төлем;
Тармақша 10
10) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
Тармақша 11
11) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым;
Тармақша 12
12) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін және филиалдар мен өкілдіктерді есептік, сондай-ақ қайта тіркегені үшін алым;
Тармақша 13
13) аукциондардан алым;
Тармақша 14
14) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркелгені үшін алым;
Тармақша 15
15) жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
Тармақша 16
16) жылжымалы мүліктің кепілдігін мемлекеттік тіркегені үшін алым;
Тармақша 17
17) ортақ пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру үшін төлем;
Тармақша 18
18) республикалық бюджетке қосылатын мемлекеттік баждардан консулдық алымнан басқа мемлекеттік баж. Аудандық бюджетке түсетін салық емес түсімдер мыналар:
Тармақша 1
1) коммуналдық меншіктен түсімдер;
Тармақша 2
2) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырудан түсімдер;
Тармақша 3
3) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден ақша түсімдері;
Тармақша 4
4) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен салынатын айыппұлдар, өсім, санкциялар, жазалар;
Тармақша 5
5) басқа да салық емес түсімдер. Негізгі капиталды сатудан аудан бюджетіне түсетін түсімдер мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік меншікті сатудан түсетін ақша;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін алмағанда жер учаскелерін сатудан түсімдер;
Тармақша 3
3) жер учаскелерін жалға алу құқығын сатқаны үшін төлем. Облыстық бюджеттен ресми трансферттер түсімдері.
Тармақ 3
3. Ауданның 2009 жылға арналған бюджетінің кірістерінде сумен қамту жүйесін дамытуға арналған 18000 мың теңге сомасында мақсаттық трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 4
4. Ауданның 2009 жылға арналған бюджетінің кірістерінде облыстық бюджеттен ағымдағы мақсаттық трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6792 мың теңге сомасында;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 16600 мың теңге сомасында;
Тармақша 3
3) жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге, білім алуға байланысты шығындарды ішін-ара өтеу үшін (әкім гранттары) 1670 мың теңге.
Тармақ 5
5. Федоров ауданы әкімдігінің 2009 жылға арналған резерві 3859 мың теңге сомасында, оның ішінде: шұғыл жұмсалатын шығындарға 3859 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2009 жылға арналған ауданды дамыту бюджеттік бағдарламалар тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2009 жылға арналған аудандық бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізімі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 41. Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешіміне 1-қосымша Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті
Басқа 42. 2009 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешіміне 2-қосымша 2009 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Басқа 43. 2009 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу процессінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешіміне 3-қосымша 2009 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу процессінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Басқа 44. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешіміне 4-қосымша 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары