Аманкелді ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста
Басқа 0
Аманкелді ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексіне», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданның 2009 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістір – 892209,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 111446,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1451,0 мың теңге;
негізгі капиталдарды сатудан түсетін түсім – 100,0 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттер – 15304,0 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері – 20200,0 мың теңге;
облыстық бюджеттен бөлінген субвенция – 743708,0 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар – 892209,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2009 жылдың бюджетінде облыстық бюджеттен бөлінген төмендегі көлемде трансферттер ескерілсін:
Білім беру объектілерін салу және қалпына келтіру мақсатында даму трансферттері оның ішінде:
- Аманкелді селосы орталығындағы 100 орындық балалар бақшасы құрылысына – 11500,0 мың теңге;
- Есір ауылдық округіндегі 150 орындық мектеп құрылысына – 5000,0 мың теңге;
- Үштоғай ауылды округіндегі 60 орындық мектеп құрылысына – 2500,0 мың теңге;
Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға, яғни Қосжан және Жаңатұрмыс ауылдық жерлерінде ұңғыма құдық қазуға – 1200,0 мың теңге;
Бастауыш, негізгі орта және орта білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мақсатты трансферттер оның ішінде:
- компьютерлік сыныптарын алуға – 2380,0 мың теңге;
Білім алу мақсатындағы шығындарды өтеу мақсатында жастарға әлеуметтік көмек көрсету үшін (облыс әкімінің гранты) – 2130,0 мың теңге;
Білім беру мекемелерінің ағымдық шығындарына – 6977,0 мың теңге.
Тармақ 3
3. Табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдем ақы төлеу шығындары – 37229,0 мың теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 4
4. 2009 жылға арналған Аманкелді ауданының жергілікті атқарушы орган резерві 1129,0 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
Аудан аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резервіне – 1129,0 мың теңге.
Тармақ 5
5. 2009 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бюджеттік бағдарламаларға бөлініп, 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2009 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау процесінде секвестерлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Аманкелді ауданының ауылдық округтерінің бюджеттік бағдарламалары 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ Т. Қарбозов
Аманкелді ауданының қаржы бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________________ Ж. Сеилова
Аманкелді ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы
__________________ Қ. Өтебай
Басқа 11. Аманкелді ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 82 шешіміне
1-қосымша
Аманкелді ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті
Басқа 12. Бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) бөлінген 2009 жылға арналған аудандық бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 82 шешіміне
2-қосымша
Бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) бөлінген 2009 жылға арналған аудандық бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі
Басқа 13. 2009 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 82 шешіміне
3-қосымша
2009 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Басқа 14. Аманкелді ауданының ауылдық округтерінің бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 82 шешіміне
4-қосымша
Аманкелді ауданының ауылдық округтерінің бюджеттік бағдарламалар тізбесі