О бюджете города Аркалыка на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Арқалық қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №96-ІV 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын орындау және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) - тармақшасына сәйкес Арқапық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласының 2009 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 2033786 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 796059 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3941 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 1233786 мың тенге, осылардан субвенция көлемі - 855991 мың теңге.
Тармақша 2
2) шығындар- 2033786 мың теңге;
Тармақша 3
3) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге;
Тармақша 4
4) қаржылық активтермен операциялары бойынша қалдықтары - 0 мың теңге
Тармақша 5
5) бюджет дефициті (профициті) - 0 мың теңге;
Тармақша 6
6) бюджет дефицитін қаржылындыру (профицитті пайдалану) - 0 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатының бос қалдығын тарту есебінен бюджет
профицитін өтеуді қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Арқалық қаласы бюджетінің кірісіне мыналар аударылатыны ескерілсін:
салықтық түсімдер:
облыстық мәслихатымен белгіленген кірістерді бөлу нормативі бойынша табыс салығы;
олыстық мәслихатымен белгіленген кірістерді бөлу нормативі бойынша мемлекеттік салығы;
жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салынатын салығы;
жер салығы;
бырыңғай жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
акциздер:
бензинге (авиациалықты қоспағанда) және дизель отынына;
жер учаскелерін паидаланғаны үшін төлем;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алыс; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдердін есептік тіркегені, және де осыларды қайта тіркегені үшін алынатын алым;
аукциондардан алынатын алым;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін, және де қайта тіркегені үшін алынатын алым;
жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым немесе салынып жатқан кеме ипотекасын және қозғалатын мүлік кепілдігін мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарының белдеуінде бөлінген сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем ақы;
мемлекеттік баж, республикалық бюджетке аударылатын консулдық мен мемлекеттік бажды қоспағанда.
Салықтық емес түсімдер: коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып түсетін қаржы;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар өндіріп алулар;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне басқа салықтық емес түсімдер.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін қаржылар;
ауыл шаруашылық мақсатында колданылатын жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
жер учаскелерін жалға беру құқығын сату үшін төлем.
Облыстық бюджеттен трансферттер.
Тармақ 3
3. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте обылыс бюджетінен нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі 55497,0 мың теңге сомасында, дамыту нысаналы трансферттер көлемі 322298,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, химия кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау үшін нысаналы ағымдағы трансферттер 14426,0 мың теңге сомасында;
коммуналдық меншіктегі нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға нысаналы ағымдағы трансферттер 8700,0 мың теңге сомасында;
білім алуымен байланысты шығындар (әкімнің гранты) нысаналы ағымдағы трансферттер 2371,0 мың теңге сомасында;
білім мекемелерінің күрделі жөндеуің аяқтауға нысаналы ағымдағы трансферттер 30000,0 мың теңге сомасында;
коммуналдық шаруашылықты дамытуға нысаналы трансферттер 100000,0 мың теңге сомасында;
сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамытуға нысаналы трансферттер 92298 мың теңге сомасында;
көлік инфрақұрылымын дамытуға нысаналы трансферттер 130000,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. Арқалық қаласының жергілікті атқарушы органының резерві 2500,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 5
5. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғы капиталын құруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлініп, 2009 жылға арналған Арқалық қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2009 жылға арналған бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14
Басқа 15
Басқа 16