Об организации общественных работ в 2009 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саны 300 адамды қоғамдық жұмыстарға арналған сұраныстар мен ұсыныстар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, жұмыстардың түрлері, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерімен бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 3
3. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Р.И. Меллятова):
Тармақша 1
1) осы қаулының 2 тармағында белгіленген барлық жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шарттарын жасасын;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережелерімен қатаң сәйкестікте жүргізілсін.
Тармақ 4
4. "Шахтинск қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Б. Меллятов) 13 470 теңге ең төменгі еңбекақы мөлшерін ескере отырып қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. К. Егишевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2008 жылдың 5 желтоқсандағы № 19/2 қаулысына қосымша
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізімі және ай сайын жіберілетін жұмыссыздардың саны:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемелер – 224 адам;
Тармақша 2
2) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 2 адам;
Тармақша 3
3) коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 74 адам.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар түрлері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті оңтайландыру;
Тармақша 2
2) абаттандыру;
Тармақша 3
3) аймақтық кампания;
Тармақша 4
4) объектілерді жөндеу және қайта құру;
Тармақша 5
5) оқу барысын және балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) қайрымдылық бикесі қызметтерін көрсету;
Тармақша 7
7) "Салауатты ұлт" бағдарламасын жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) әлеуметтік қызметтерге көмектесу;
Тармақша 9
9) демалыс кезеңінде балалардың демалысын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) жолдарды жөндеу;
Тармақша 11
11) көгалдандыру;
Тармақша 12
12) аула клубтарының қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) тәрбиелеуші-педагогтардың қызметі;
Тармақша 14
14) жастардың бос уақытын ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) мәдени-сауықтық іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) тәртіп сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға бөлінген мөлшерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.