Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2009 год областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на здравоохранение Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің ережесін бекіту туралы "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 12 және 20-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітілген - ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану туралы есептерді есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 11 қаулысымен бекітілген 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тармақ 1
1. Осы 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 12 және 20-баптарына сәйкес әзірленген. Ереже облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
Тармақша 1
1) 010 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
Тармақша 2
2) 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
Тармақша 3
3) 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
Тармақша 4
4) 038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
Тармақ 2
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2009 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) 2009 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, аурулар түрлерінің тізбесі мен амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде дәрілік заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың бірыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемін айқындайды;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган бекіткен медицина техникасымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерінің (стандарттарының) шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келіседі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, онкологиялық сырқаттарға және гематологиялық сырқаттарға химиялық препараттар сатып алу, гемофилиямен ауыратын ересек сырқаттарға арналған қан ұйыту факторларын және жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы болады. Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару органдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары АИТВ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшін, лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды, жіті миокард инфаркт сырқаттарына тромболитикалық препараттарды сатып алу жөніндегі, осы Ережеге 1-қосымшада санамаланған медициналық жабдықтарды қоспағанда, жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың ұйымдастырушылары болады.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер гематологиямен ауыратын ересектерді химиялық препараттармен, жіті миокард инфаркт сырқаттарын тромболитикалық препараттармен, гемофилиямен (В гемофилияны қоса алғанда) ауыратын ересек сырқаттарды қан ұйыту факторларымен қамтамасыз ету, аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға, психоэмоционалдық және физикалық жүктемелерге үстемеақы алатын лауазымдар мен мамандықтардың (неонатологтар, операцияларға қатыспайтын хирургиялық бөлімшелердің мейірбикелері, онкогематологтар) тізбесін кеңейтуге және ауыр (аса ауыр) физикалық жұмыс және зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға, туберкулезге қарсы қызмет, сәулелік диагностика мамандарына үстемеақыларды ұлғайтуға, коронаграфиялық зерттеулерге, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қаржыландыруды орта өңірлік деңгейге дейін кезең-кезеңмен жеткізуге пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға беру туралы бекітілген актісі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін шарт болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады. Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары объектіні пайдалануға беру кешіктірілген жағдайда 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті қаржы жылына арнап бекітілген сома шегінде қаражатты объектілер арасында қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізе алады.
Тармақ 8
8. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алуға пайдаланылады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде жүргізеді.
Тармақ 10
10. Осы Ережеге қосымшаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медицина ұйымдарының арасында медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есеп береді.
Басқа 1. Конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі болып табылатын жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің шеңберінде 2009 жылы сатып алынатын медициналық жабдықтардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі
2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 1-қосымша Конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі болып табылатын жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің шеңберінде 2009 жылы сатып алынатын медициналық жабдықтардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі Р/с N Ата­уы 1 2 1. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер үшін көп функ­ци­о­нал­ды рент­ген­ді­ди­а­гно­сти­ка­лық сан­дық ап­па­рат 2. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер үшін уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка ап­па­ра­ты 3. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер үшін то­ра­ко­эн­до­ви­де­ско­пи­я­лық ке­шен 4. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер үшін био­хи­ми­я­лық тал­да­ғыш 5. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер үшін ге­ма­то­ло­ги­я­лық тал­да­ғыш 6. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер үшін мик­ро­био­ло­ги­я­лық тал­да­ғыш 7. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер үшін им­мун­дық-фер­мент­тік тал­да­ғыш 8. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер үшін био­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік шка­фы-ла­ми­нар 9. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту ап­па­ра­ты 10. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған жү­рек жиы­ры­луы­ның жи­і­лі­гін ке­ңей­ті­л­ген мо­ни­то­ринг­пен өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту жүр­гі­зе­тін, элек­тро­кар­дио­гра­фия, са­ту­ра­ция, тем­пе­ра­ту­ра ста­ци­о­нар­лық ап­па­ра­ты 11. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық жы­л­жы­ма­лы ап­па­рат 12. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры, ем­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық сан­дық ап­па­рат 13. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін ин­га­ля­ци­я­лық нар­коз­ға ар­нал­ған ап­па­рат 14. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­дің ин­га­ля­ци­я­лық нар­ко­зы­на ар­нал­ған ап­па­рат 15. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін ин­ку­ба­тор (кю­вез) 16. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін бер­гіш­тер, до­плер мен прин­тер ке­ше­ні­мен уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка ап­па­ра­ты 17. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін био­хи­ми­я­лық тал­да­ғыш 18. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін ге­ма­то­ло­ги­я­лық тал­да­ғыш 19. Ба­ла­лар ау­ру­ха­на­ла­ры (бө­лім­ше­ле­рі) үшін жы­лыт­қы­шы бар ре­ани­ма­ция үсте­лі 20. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін өк­пе­ні ин­ва­зи­я­лық емес жел­де­ту­ді жүр­гі­зе оты­рып, ша­ла ту­ған нә­ре­сте­лер үшін өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту ап­па­ра­ты 21. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған жү­рек жиы­ры­луы­ның жи­і­лі­гін ке­ңей­ті­л­ген мо­ни­то­ринг­пен өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту жүр­гі­зе­тін, элек­тро­кар­дио­гра­фия, са­ту­ра­ция, тем­пе­ра­ту­ра ста­ци­о­нар­лық ап­па­ра­ты 22. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін құ­ры­л­ған мо­ни­то­ринг жүй­е­сі бар ша­ла ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған ин­ку­ба­тор 23. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­дің өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту ап­па­ра­ты мен мо­ни­то­рин­гі бар кө­лік­тік ин­ку­ба­тор 24. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту ап­па­ра­ты 25. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған ин­ку­ба­тор 26. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған ре­ани­ма­ция үсте­лі 27. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін пор­та­тив­ті нео­на­таль­ды мо­ни­тор 28. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған қан га­з­да­рын те­рі ар­қы­лы мо­ни­то­ринг­теу жүй­е­сі бар мо­ни­тор 29. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін эн­до­ско­пи­я­лық хи­рур­ги­я­ға ар­нал­ған жиын­тық 30. Он­ко­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар үшін сәу­ле­лік те­ра­пия ап­па­рат­та­ры 31. Шы­ғыс ма­те­ри­а­лын қо­са ал­ған­да, кар­дио­хи­рур­ги­я­лық ор­та­лық­тар (бө­лім­ше­лер) үшін ме­ди­ци­на­лық жаб­дық пен ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар
Басқа 2. 2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 2-қосымша 2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу мың теңге Р/с № Өңір­лер­дің ата­уы Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер­ді жа­рақ­тан­ды­ру Ба­ла­лар мен босан­ды­ру ұй­ым­да­ры­ның ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ры­лу дең­гей­ін жа­рақ­тан­ды­ру­дың ең тө­мен­гі нор­ма­ти­віне дей­ін жет­кі­зу Он­ко­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар­ды рент­ген сәу­ле­лі ап­па­рат­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру Кар­дио-хи­рур­ги­я­лық ор­та­лық­тар­ды (бө­лім­ше­лер­ді) жа­рақ­тан­ды­ру Қа­ла­лық ем­ха­на­лар­ды ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру 1 2 3 4 5 6 7 1. Ақ­мо­ла об­лы­сы 77 749 190 309 11 700 120 140 - 2. Ақ­тө­бе об­лы­сы 261 000 132 952 219 743 - 123 125 3. Ал­ма­ты об­лы­сы 84 592 221 594 193 388 71 940 - 4. Аты­рау об­лы­сы 87 000 121 147 124 788 71 940 - 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 377 960 296 839 - 110 558 - 6. Жам­был об­лы­сы 77 380 188 118 227 956 514 620 - 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы - 128 289 103 168 71 940 111 306 8. Қа­ра­ған­ды об­лы­сы - 167 872 - 909 480 - 9. Қо­ста­най об­лы­сы 115 686 224 244 - 143 880 - 10. Қы­зы­лор­да об­лы­сы - 113 385 - 514 620 - 11. Маң­ғы­стау об­лы­сы 147 270 118 733 - 493 038 - 12. Пав­ло­дар об­лы­сы 86 372 154 947 286 468 107 910 - 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 53 918 106 250 - 107 910 - 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы - 337 455 27 000 143 880 - 15. Ал­ма­ты қа­ла­сы - 269 344 - - - 16. Аста­на қа­ла­сы - 171 971 - - - Жиы­ны: 1 368 927 2 943 449 1 194 211 3 381 856 234 431 кестенің жалғасы мың теңге Маг­нит­ті-ре­зо­нан­сты то­мо­гра­ф­пен жа­рақ­тан­ды­ру Қан ор­та­лық­та­рын жа­рақ­тан­ды­ру Бар­лы­ғы 8 9 10 1. Ақ­мо­ла об­лы­сы - - 399 898 2. Ақ­тө­бе об­лы­сы - - 736 820 3. Ал­ма­ты об­лы­сы - - 571 514 4. Аты­рау об­лы­сы - - 404 875 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы - - 785 357 6. Жам­был об­лы­сы - - 1 008 074 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы - - 414 703 8. Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 100 144 - 1 177 496 9. Қо­ста­най об­лы­сы - - 483 810 10. Қы­зы­лор­да об­лы­сы - - 628 005 11. Маң­ғы­стау об­лы­сы - - 759 041 12. Пав­ло­дар об­лы­сы - - 635 697 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы - - 268 078 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы - - 508 335 15. Ал­ма­ты қа­ла­сы - - 269 344 16. Аста­на қа­ла­сы - 49 600 221 571 Жиы­ны: 100 144 49 600 9 272 618