Об организации общественных работ на 2009 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері мен түрлерін, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын базасында қоса берілген ұйымдар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Жітіқара ауданы әкімдігінің "Жітіқара Тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры осы қаулымен бекітілгендей, қоғамдық жұмыстарды орындау көлемдері мен түрлеріне сәйкес, шарттар жасасын.
Тармақ 4
4. 1) қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың еңбекақылары аудандық бюджет қаражатынан ең төменгі еңбекақы төлемінің бір жарым мөлшерінде;
Тармақша 2
2) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қорына аударылатын әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналар мен бюджетке аударылатын басқа да міндетті төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мөлшерде, аудандық бюджеттен орнын толтырылуы және жұмыс берушілердің есептесу шоттарына аударылуы;
Тармақша 3
3) келісім-шартпен белгіленген мөлшерде, еңбекақыны есептеу мен төлеу жөніндегі екінші деңгейдегі банктердің қызметтері үшін комиссиондық сыйақыларды төлеуіне шығындар жұмыс берушілердің есептесу шоттарына аудандық бюджеттен орнын толтырылуы белгіленсін.
Тармақ 5
5. "Жітіқара ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, тізбеде бекітілген, ұйымдармен көрсетілген, қызмет көрсету мен жұмыс ақысын төлеу кезінде, қоғамдық жұмыстардың көлемдері мен түрлерін есепке алуы ескерілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Әкімдік қаулысы оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 10 қаулысы қосымша 1 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері мен түрлерін, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын базасындағы, ұйымдар тізбесі Ұйымның атауы Жұмыс түрлері Жұмыс көлемі Жітіқара ауданы әкімдігінің "Жітіқара Тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 1. Большевик селолық округі бойынша жұмыстар:
Тармақша 1
1) Тургеновка село аумағын жинауға және көгалдандыруға: жолдағы қоқысты, ласты қолмен жинауға,  тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) үнемі тазалық жасауға; спорт кешенінің аумағын қоқыстан маусымдық жинауға; ақбалшықты езіп дайындау және алдың ала жол жиегінің тастарын, бағаналарын тазалап ақтау-сырлауға; жол жиектерін қоқыстан тазалауға; ағаштарды ақбалшықпен сырлауға; электр бағаналарды ақбалшықпен сырлауға; ағаштар мен көшеттерді отырғызуға және оларды күтуге көмек;
Тармақша 2
2)Тургеновка селосының, Қосақан селосының ескерткіштерін ағымдағы  жөндеуге: ақтау-сырлауға; майлы сырлауға;
Тармақша 4
4) автокөлік аялдамаларын  ағымдағы жөндеуге: ақтау-сырлауға; майлы сырлауға көмек; 4 километр 4000 шаршы метр 300 ұзындық метр 4 километр 50 ағаш 50 бағана 70 көшет 24 шаршы метр 15 шаршы метр 60 шаршы метр 20 шаршы метр 2. Пригородный ауылындағы жұмыстар:
Тармақша 1
1) Пригородный ауыл аумағын көгалдандыруға және үнемі жинауға: Жітіқара-Қостанай автожолды қоқыстан, ластан қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; "Жітіқара" стелласы аумағын тазартуға; ауыл көшелерін қоқыс шөптен оруға; ауыл жолдарын қоқыстан, ластан үнемі жинауға; ағаш отырғызуға және оларды күтуге көмек;
Тармақша 2
2) "Жітіқара" стелласын ағымдағы жөндеуге; сылақпен жөндеуге; ақбалшықпен сырлауға қатысу;
Тармақша 3
3) 4 автокөлік аялдамаларын ағымдағы жөндеуге: ақбалшықпен сырлауға; майлы сырлауға қатысу. 10 километр 100 шаршы метр 86000 шаршы метр 9650 ұзындық метр 150 ағаш 8 шаршы метр 8 шаршы метр 320 шаршы метр 110 шаршы метр 3. Забеловка селосындағы жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын көгалдандыруға және үнемі жинауға: ені 2 метрлік жол және жол жиектеріндегі қоқысты, ласты қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; парк аумағын қоқыстан тазартуға; жол жиектеріндегі қоқыс шөптерді маусымдық қолмен оруға; бұталарды әзірлеуге, отырғызуға және күтуге; гүлдерді отырғызуға және оларды күтуге; парктағы ағаштардың құрғақ бұтақтарын шырпуға; ағаштарды ақбалшықпен сырлауға; электр бағаналарын ақбалшықпен сырлауға;
Тармақша 2
2) автокөлік аялдамаларын ағымдағы жөндеуге қатысу: ақбалшықпен сырлауға
Тармақша 3
3) ғимараттарды бөлшектеуден кейін қоқысты жинауға және тасымалдауға (қолмен тиеу, түсіру). 6 километр 59400 шаршы метр 6 километр 70 көшет 20 шаршы метр 50 ағаш 100 ағаш 50 бағана 80 шаршы метр 25 текше метр 4. Тохтаров селолық округі бойынша жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын үнемі жинауға, көшеттерді күтуге: жолдағы қоқысты, ласты қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; парк аумағын қоқыстан жинауға; қурайдан маусымдық тазартуға; қурап қалған, құрғақ ағаштарды шырпуға; Тобыл өзені арқылы салынған көпірді қоқыстан тазартуға; жол жиегінің тастарын ақбалшықпен сырлауға көмек;
Тармақша 2
2) Төлеген Тоқтаров ескерткішінің айналасындағы темір қоршауларды сырлауға. 2 километр 2200 шаршы метр 80 ағаш 80 ағаш 1000 шаршы метр 100 ұзындық  метр 100 шаршы метр 5. Мүктікөл селолық округі бойынша жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын үнемі жинауға және көгалдандыруға, көшеттерді күтуге: жолдағы қоқысты, ласты қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; жол жиектегі қоқыс шөптерді қолмен маусымдық оруға; ағаштарды, бұталарды әзірлеуге, отырғызуға және  оларды күтуге; гүлдерді отырғызуға және оларды күтуге; ағаштардың құрғақ бұталарын шырпуға; ағаштарды ақбалшықпен сырлауға көмек. 5 километр 50000 шаршы метр 400  көшет 20 шаршы метр 500 ағаш 500 ағаш 6. Чайковский ауылындағы жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын көгалдандыруға және үнемі жинауға, көшеттерді күтуге: ені 5 метрлік жол және жол жиектеріндегі қоқысты, ласты қолмен жинауға,тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; Желқуар өзені арқылы салынған көпірді ластан, қоқыстан тазартуға; ауыл аумағын қоқыс шөптен маусымдық оруға; саябақ аумағын қоқыстан тазалауға; бұталарды шырпуға; ағаштардың құрғақ бұталарын шырпуға; гүлдерді отырғызуға және оларды күтуге көмек;
Тармақша 2
2) ескерткіштер мен мүсінді құрылымдарды ағымды жөндеуге: бетондық қоршауларды жөндеуге; майлы сырлауға; сылақпен жөндеу. 5 километр 200 метр 1000 шаршы метр 5000 шаршы метр 600 бұта 300 ағаш 6 шаршы метр 15 шаршы метр 85 шаршы метр 20 шаршы метр 7. Волгоград селосындағы  жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын үнемі жинауға және көгалдандыруға: жолдағы қоқысты, ласты қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; парк аумағын қоқыстан тазартуға; село аумағын қоқыс шөптен маусымдық оруға; қақпаға дейін жол жиектердегі қоқыс шөптерін маусымдық ору; ағаштарды, бұталарды әзірлеу, отырғызуға және оларды күтуге; гүлдерді отырғызуға және оларды күтуге көмек;
Тармақша 2
2) қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті ағымды жөндеуге: ақбалшықпен сырлауға; майлы сырлауға катысу. 9 километр 900 шаршы метр 6000  метр 2 километр 100 ағаш 50 бұта 100 шаршы метр 18 шаршы метр 7 шаршы метр 8. Шевченковка селосындағы жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын көгалдандыруға және үнемі жинауға: ені 5 мертлік жол және жол жиектеріндегі қоқысты, ласты қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; Шевченковка-Жітіқара жолды қоқыстан және ластан жинауға; жол жиегінің тастарын, бағаналарды ақбалшықпен сырлауға; бұталарды шырпуға; ағаштарды ақбалшықпен сырлауға көмек. 12,5 километр 3 километр 200 метр 50 бұта 100 ағаш 9. Милютинка селосындағы жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын үнемі жинауға және көгаландыруға: жолдағы қоқысты, ласты қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; спорт кешені аумағындағы қоқыс шөптерді маусымдық оруға; ені 5 метрлік жолдағы қоқыс шөптерді қолмен маусымдық оруға; ағаштарды, бұталарды отырғызуға, оларды күтуге; ағаштарды ақбалшықпен сырлауға; ақ балшықты езіп дайындау және алдың ала жол жиегінің тастарын тазалап ақбалшықпен сырлауға; электр бағаналарды ақбалшықпен сырлауға көмек;
Тармақша 2
2) ескерткішті ағымды жөндеуге: ақбалшықпен сырлау; майлы сырлау. 3,5 километр 5000 шаршы метр 3,5 километр 160 көшет 60 ағаш 500 метр 60 бағана 44 шаршы метр 25 шаршы метр 10. Ырсай селосындағы жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын көгалдандыруға және үнемі жинауға көмек: ені 50 метрлік жол және жол жиектеріндегі қоқысты, ласты қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; автокөлік аялдамасы аумағын тазалауға; Желқуар өзені көпірінен Глебов селосының торапына дейін автожол жиегіндегі шөпті, қурайды оруға; село аумағын қоқыс шөптен маусымдық оруға; парк аумағын қоқыстан тазалауға; ағаш-көшеттерді даярлауға, отырғызу және күтуге; ағаштардың құрғақ бұтақтарын шырпуға көмек;
Тармақша 2
2) Желқуар өзені арқылы салынған көпірді ағымды жөндеуге қатысу: қоршаулар мен сүйеніштерді сырлауға; жол жиегінің тастарын ақбалшықпен сырлауға; автокөлік аялдамасын ағымдағы жөндеуге: ақбалшықпен сырлауға; Денисов ауданымен шектесетін билбордты ағымдағы жөндеуге: темір құрылымдарды сырлау. 12 километр 250 шаршы метр 1,6 километр 21200 шаршы метр 2750 шаршы метр 150 ағаш 150 бұта 120 шаршы метр 60 шаршы метр 80 шаршы метр 4 шаршы  метр 11. Приречное селосындағы  жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын көгалдандыруға және үнемі жинауға: ені 15 метрлік жол және жол жиектеріндегі қоқысты, ласты қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; автокөлік аялдамасының аумағын жинауға; парк аумағын жинауға; село аумағындағы қоқыс шөптерді маусымдық оруға көмек;
Тармақша 2
2) ескерткішті ағымдағы жөндеуге: майлы сырлауға;
Тармақша 3
3) автокөлік аялдамасын ағымдағы жөндеуге; ақбалшықпен сырлауға; темір жол қақпаларды сырлауға қатысу. 12 километр 250 шаршы метр 75000 шаршы метр 10000 шаршы метр 60 шаршы метр 80 шаршы метр 17 шаршы метр 12. Степное селосындағы жұмыстар:
Тармақша 1
1) село аумағын үнемі жинауға және көгалдандыруға: жолдарды қоқыстан, ластан қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; орталық саябақ аумағын жинауға; село аумағын қоқыстан жинауға; қоқыс шөптерді маусымдық оруға; жол жиегінің тастарын ақбалшықпен сырлауға; ағаштарды, бұталарды отырғызуға, оларды күтуге; гүлдерді отырғызуға және оларды күтуге; ағаштардың құрғақ бұтақтарын шырпуға көмек;
Тармақша 2
2) село аумағын көркейтуге: бос үйлерді бөлшектеуден соң аумақты құрылыс қоқыстардан жинауға; автокөлікке қоқысты қолмен тиеу 3 километр 1500 шаршы метр 5000 шаршы метр 3000 шаршы метр 200 метр 200 көшет 200 шаршы метр 50 ағаш 800 шаршы метр 540 текше метр 13. Жітіқара қаласындағы жұмыстар:
Тармақша 1
1)қала аумағын көгалдандыруға және үнемі жинауға: жолды, автокөлік аялдамаларын, мұздан, қардан тазартуға, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалауға; жүру және жол жиегі жанындағы тастарды тұрмыстық қоқыстан, ластан және қардан қолмен жинауға, тасымалдауға (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасауға; жол жиегінің тастары түріндегі жүру бөлшекті қоршауларды ақтау-сырлауға; жол жиегінің тастарын майлы сырлауға; газондарды тұрмыстық қоқыстан, жапырақтан және бұталардан тазартуға және автокөлікке тиеуге; жапырақтарды маусымдық жинауға; Абай атындағы бульвар аумағын тазалауға; жаяу жүргіншілер аумағын, газондарды; қала алаңын жинауға; урналарды  қоқыстан тазартуға; су бұрғыш каналдарын ластан, қоқыстан тазарту, бұтақшаларды шырпуға; Жеңіс паркі аумағын, 6 шағын аудандағы гүлбағын қоқыстан тазалап көлікке тиеуге; жолдарды сыпыруға; баспалдақтарды, жол жиегінің тастарын  сырлауға; 6 шағын ауданындағы бульвар аумағын жинауға; бұталарды   қолдап шырпуға және сиректетуге; ағаштардың құрғақ бұтақшаларын шырпуға; газондарды  қолдап оруға көмек; шағын аудандарының аумағын маусымдық жинауға: көгалдандырылған аумақтардағы құрғап қалған бұтақшаларын, қоқыстан жинауға; гүлдерді күтуге (суару, шырпу) қатысу;
Тармақша 2
2) республикалық және аймақтық қоғамдық компанияларды өткізуге көмек: қоғамдық пікірлерін сұрау, санаққа қатысу;
Тармақша 3
3) қайта жөндеуге жататын әлеуметтік бағыттағы объекті – бұрыңғы аудандық аурухана ғимаратын күзетуге қатысу. 44410 шаршы метр 19,2 километр 21,10 километр 4800 километр 140000 шаршы метр 140000 шаршы метр 3400 шаршы метр 20000 шаршы метр 10000 шаршы метр 100 урна 3500 метр 182300 шаршы метр 600 метр 300 метр 800 шаршы метр 15000 бұта 1800 ағаш 160000 шаршы метр 280000 шаршы метр 7000 шаршы метр 10132 пәтер 800 үй 5159,24 шаршы метр