Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақшасына сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркелген мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуде әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз өңірінің кәсіпорындары мен ұйымдарында (келісім бойынша) жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов) жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен квоталық жұмыс орындарына мүгедектердің жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.