О предоставлении компенсации за пользование коммунальными услугами и услугами телефонной связи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2009 жылы телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалануына өтемақы беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XI сессия) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 129/11 шешімі негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов):
Тармақша 1
1) келісімшарттар негізінде тұрғындарға коммуналдық қызмет пен телефон байланысы қызметін көрсететін кәсіпорындармен (бұдан әрі – Кәсіпорындар) өзара әрекет етсін;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін өтемақыны қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш бойынша Кәсіпорындардың есеп шоттарына ақшалай қаржы аудару жолымен, қолма-қолсыз нысанда тағайындауды және төлеуді жүргізсін;
Тармақша 3
3) тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуші Кәсіпорындардың мәліметтері бойынша ай сайынғы телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалану өтемақы мөлшерін өткен айға ай сайын төлеп отырсын;
Тармақша 4
4) жалғыз және әйелімен тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтің және телефон қызметінің барлық түрлеріне, соның ішінде абоненттік төлем қызметіне өтемақыны толық көлемде тағайындасын;
Тармақша 5
5) жылу қуаты үшін шығынды және тұрғын-жайды ұстау өтемақысын тұрғынжайдың жалпы алаңынан 30 шаршы метрге, электр қуаты үшін 70 киловатт сағатқа, тек қана отбасы құрамындағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төлесін.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қалған коммуналдық қызмет шығынының өтемақысын қолданыстағы тарифтер бойынша жүргізсін.
Ыстық және суық суды есептейтін құралдары барларға шығындар өтемақысын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің үлесіне қарай есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша жүргізсін.
Телефон қызметі байланысына абоненттік төлемнің шығын өтемақысын қолданыстағы тариф бойынша толық көлемде төлесін;
Тармақша 6
6) Екібастұз өңірінің ауылдық аймақтарында және Екібастұз қаласының жеке меншік үйлерінде тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өтемақы көлемін телефон байланысы қызметі мен коммуналдық қызметті нақты тұтынуына қарай осы шешімнің 1-тармақ 5-тармақшасында көрсетілген шама мөлшерінде есептесін;
Тармақша 7
7) коммуналдық қызмет және телефон байланысы қызметін пайдаланғаны үшін өтемақы берумен байланысты шығынды қаржыландырудың 2009 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет және телефон байланысы қызметін пайдаланғаны үшін өтемақы өтініш берген уақытына қарамастан 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. ӨТІНІШ
Екібастұз қаласы әкімінің
2009 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
қосымша
"Екібастұз қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік мәселелер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығына
_______________________________
Аты, тегі, әкесінің аты
Екібастұз қаласында тұрғылықты
тұратын мекенжайы:
көше__________________________
үй_____________________________
пәтер__________________________
телефон________________________
ӨТІНІШ
Сізден телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті қолданғаным үшін Ұлы Отан соғысының қатысушысы (мүгедегі) ретінде ай сайынғы өтемақыны тағайындауыңызды сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беріп отырмын:
Тармақ 1
1. Отбасы құрамы туралы анықтама немесе үй кітабының көшірмесі немесе азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектік мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақ 3
3. Жеке куәліктің көшірмесі.
Телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті қолданғаным үшін маған ай сайын есептеген өтемақыны шамалар шегінде, кәсіпорындардың есеп шоттарына ай сайын аударуыңызды сұраймын.
Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Күні_________ Қолы ___________________