О распределении квоты иммиграции оралманов на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және "Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы N 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерімен бірлесіп, 2009 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және оларды орналастыру орындарында бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өздерінің тарихи отанына келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасып көшіп келуін жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2009 жылғы 1 шілдеге және 2010 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есептерді ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы N 32 қаулысына қосымша Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасы Об­лы­стар мен қа­ла­лар­дың ата­уы От­ба­сы са­ны Ақ­мо­ла 1020 Ақ­тө­бе 1000 Ал­ма­ты 4000 Аты­рау 650 Шы­ғыс Қа­зақ­стан 1500 Жам­был 1950 Ба­тыс Қа­зақ­стан 500 Қа­ра­ған­ды 1000 Қо­ста­най 1000 Қы­зы­лор­да 400 Маң­ғы­стау 2500 Пав­ло­дар 750 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан 550 Оң­тү­стік Қа­зақ­стан 2800 Ал­ма­ты қа­ла­сы 130 Аста­на қа­ла­сы 250 Жиы­ны: 20000