2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Ахылбеков) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Ауданның қаржы бөлімі (Т.Есембаева) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. 2009 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 45 қаулысына қосымша 2009 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі Р/с Ұйымдардың тізбесі Жұмыстардың түрлері Жұмыспен қамтылғандар саны, адам 1 2 3 4 1 Ауылдық округі және поселке әкімдері аппараттары, мемлекеттік мекемелер Аудандық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу 25 2 Ауылдық округ және поселке әкімі аппараттары Жол құрылысы және оларды жөндеу 20 3 Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары, коммуналдық су шаруашылығы мекемелері Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, суғару 100 4 Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары "Халық жасақшылары", "Құқық тәртібі" бағдарламаларын іске асыру 30 5 Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары, мектептер мәдениет бөлімі Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге қатысу, "Мектеп қамқорлық" жобасы 40 6 Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары, коммуналдық қызметпен айналысатын мемлекеттік мекемелер Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету 45 7 Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары, коммуналдық қызметпен айналысатын мемлекеттік мекемелер Аудан бойынша экологиялық сауықтыру, көріктендіру 204 8 Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтауға жәрдемдесу 16 Барлығы 480 Ескерту: Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1-6 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгертуі мүмкін.