О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2009 жылға арналған қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2009 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 2
2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;
Тармақша 3
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
Тармақша 4
4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
Тармақша 5
5) жалғыз тұрып жатқан тұлғалар;
Тармақша 6
6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар;
Тармақша 7
7) бастауыш кәсіби, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын аяқтаған тұлғалар.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша "жастар тәжірибесінен" өту үшін әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан кезде бастауыш кәсіби, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын аяқтаған тұлғалар үшін жұмсалған қаражат шығыны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең аз еңбекақы көлемінен кем болмайтын мөлшерде жұмыс берушіге өтелетін қосымша шара ретінде белгіленсін.
Ағымдағы жылдың жоғарғы, орта және бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарын аяқтаған түлектерге "жастар тәжірибесіне" жұмысқа орналастыру кезінде еңбек төлемі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгіленген төменгі еңбекақының 1,5 мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов) нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушімен келісілген келісімшарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
Тармақ 4
4. Осы каулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.