2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды 2009 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (И.Бәкіров) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарды еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі (С.Әліш) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге бөлінген қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Тоқбергеноваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қоғамдық жұмыстарды 2009 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
Отырар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтар N 1 қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыстарды 2009 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі № р/с Ұйымдардың тізбесі Жұмыстардың түрлері Жұмыспен қамтылғандардың саны (адам) 1 Аудан әкімшілігі, ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекеттік мекемелер Көгалдандыру, ағаш отырғызу күтіп ұстау 150 2 Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекеттік мекемелер Аймақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру 175 3 Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, білім беру және мәдениет мекемелері Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу 49 4 Ауыл округтері, аудандық мемлекеттік мекемелері Әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көмектесу 30 5 Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекеттік мекемелер Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету 30 6 Әділет басқармасы, статистика бөлімі, ішкі істер бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жұмыстарына ықпал жасау, мектептерге қамқорлық, пилоттық жобасы бойынша және мұрағат бөліміне жәрдем беру Әділет басқармасы, статистика бөлімі, ішкі істер бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жұмыстарына тәртіп, халық жасақшылары, құқық тәртібі, сақшы, пилоттық жобалары бойынша жұмыс істеу, мектептерге және мұрағат бөліміне көмектесу 46 Барлығы: 480 Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 2 ай. Іс-жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін. Жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.